Орталық бухгалтерияның бухгалтерлік есеп секторының бас менеджері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
239

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1С ЖБО бағдарламасында Қоғам қызметкерлерінің жалақысы мен басқа да кірістерін есептейді;
1С ЖБТ бағдарламасында есептелген салықтардың, әлеуметтік аударымдардың, жарналар мен басқа да міндетті төлемдердің есебін және талдауын жүргізеді;
Төлемдер бойынша бақылау картасын, МТ-файлдарды құрады, оларды бас бухгалтерге келісуге береді, келісілгеннен кейін жалақыны және басқа да кірістерді қызметкерлерге банктік аудару үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге береді;
1С ЖБО бағдарламасында есеп айырысу-төлем ведомостарын қалыптастырады және оны талдайды;
1С бағдарламасынан кiрiстердiң, салықтардың, аударымдардың, жарналар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң, оның iшiнде атқару парақтары бойынша есептелген сомаларын бухгалтерлiк есептiң бiрыңғай жүйесiне бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттарына және шығыстар баптарына көшiредi;
Бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесінде бухгалтерлік есептің тиісті шоттары бойынша айналым-сальдо ведомостарын тексереді және талдайды;
Қоғамның қызметкерлері, Директорлар кеңесінің мүшелері және БЖБ 1С бағдарламасының есептерін және бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесінің талдау карточкаларын негізге ала отырып, МЖӘ шарттары бойынша жұмыс істейтін тұлғалар бойынша 200.00 салық декларациясын дайындайды және салық органдарына тапсырады;
Салық төлеушінің кабинетінде тиісті КБ бойынша дербес шоттарды тексереді және талдайды;
Еңбек бойынша статистикалық есептер үшін еңбекақы төлеу қоры, жұмыспен өтелген адам-сағаттар, әлеуметтік төлемдер және өзге де көрсеткіштер бойынша статистикалық көрсеткіштерді есептейді;
Еңбек жөніндегі есепті дайындайды және уәкілетті статистикалық органдарға тапсырады;
Бухгалтерлік есептің тиісті шотында еңбекақы, сыйлықақылар, пайдаланылмаған демалыстар мен сыйақылар бойынша резервтер құрады; резервтерді есепке алуды және үнемі есептен шығаруды жүргізеді;
Бухгалтерлік есеп деректерін аудиторлық есептердің бекітілген нысандарына көшіреді;
Негізгі басқару персоналы мен әкімшілік персонал бойынша деректерді жинақтайды және талдайды;
Қоғам басшылығының бұйрықтарын, тікелей басшының өкімдерін уақтылы орындайды.
Талаптар:

Бухгалтерлік есеп/экономика/қаржы/аудит саласындағы жоғары кәсіптік білім.


Кәсіби сертификаттау:

Қазақстан Республикасы Кәсіби бухгалтерінің сертификаты.


Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі:

Кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Оның ішінде жұмыс тәжірибесінің болуы:

"QazaqGaz "ҰК" АҚ-мен салыстырмалы қызмет ауқымы бойынша компанияда бухгалтерлік есеп саласында кемінде 5 жыл.

Шарттар:

ҚР КК сәйкес ресімдеу. Сынақ мерзімі - 3 ай. Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі.