"KEGOC" АҚ "Оңтүстік жүйеаралық электр желілері"филиалының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
1922

   Конкурс туралы

Білуге тиіс:

1. Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласында теориялық және практикалық дайындыққа ие болу, электр желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде Өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу.
2. Филиалдың электр желісінің сызбаларын, негізгі жабдықтың параметрлері мен құрамын білу.

Білім деңгейі: жоғары

Білім профилі: энергетика саласындағы техникалық білім

Кәсіби тәжірибесі: Электр энергетикасы саласындағы

Еңбек өтілі: 5 жылдан кем емес.

Электр қауіпсіздігі бойынша V біліктілік тобы болу керек

 

Кәсіби сертификаттар / сертификаттардың болуы: құпталады

Компьютермен жұмыс жасаудың қажетті дағдылары / арнайы бағдарламаларды білу: Word, Excel компьютерлерінің тәжірибелі қолданушысы.

Негізгі лауазымдық міндеттер:

1) Энергия қондырғыларының барлық элементтерінің жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты және техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалау бойынша жауапты адамдардың тағайындалуын бақылайды (Мемкентехқадағалаудың бақылауындағы объектілер үшін);;

2) тиісті құрылымдық бөлімшелердің қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға, құбыржолдарға және компрессорлық қондырғыларға, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерге, темір жолдардың кіреберістеріне, газ шаруашылығына сынақтар мен техникалық куәландыруды уақтылы жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;

3) электр желілерінің, қосалқы станциялар жабдықтарының, ғимараттар мен құрылыстардың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, станоктар мен құрылғылардың техникалық жай-күйі мен пайдалану деңгейінің жергілікті нұсқаулықтар мен НТҚ талаптарына сәйкестігін мерзімді бақылауды жүзеге асырады;

4) ФЮМЭС персоналының ҚР Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық құжаттардың, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, "KEGOC" АҚ-ның нормативтік-техникалық құжаттарының, мемлекеттік қадағалау және еңбекті қорғауды басқару, ведомстволық қадағалау органдарының нұсқамаларының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

5) "Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, Электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес, оларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлей отырып, ФЮМЭС-те болған жабдықтың барлық зақымдануларының және жұмысындағы істен шығулардың себептерін тергеп-тексеруге қатысады;

6) жабдықты пайдаланудың, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне, бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес және қызмет бастығының тапсырмалары бойынша құрылымдық бөлімшелердегі персоналмен жұмыс жағдайына тексерулер жүргізеді, жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша актілер береді;

7) қажет болған жағдайда ФИУМЭС құрылымдық бөлімшелерінде ФЮМЭС персоналының қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі ФИУМЭС орталық біліктілік комиссиясына қатысады;

8) ФЮМЭС өрт-техникалық комиссияларының жұмыс жоспары іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады,

9) персоналдың өрт-техникалық минимумы бойынша нұсқамаларды, өртке қарсы жаттығуларды, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуді бақылайды;

10) филиал объектілерінде ӨҚЕ талаптарының өртке қарсы режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

11) атқарушы дирекция мен Мемқадағалау ұйғарымдары іс-шараларының орындалуын есепке алуды және бақылауды жүргізеді;;

12) алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өртті автоматты анықтау және сөндіру сигнализациясы жүйелерінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

13) өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру шегінде белгіленген техникалық және есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады;

14) қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша персоналды оқытуға қатысады;

15) құрылымдық бөлімшелер басшысының пайдалану, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық материалдарды әзірлеуде және қайта қарауда әдістемелік көмек көрсетеді;

16) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, сенімділік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ФЮМЭС бұйрықтарының, нұсқаулары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

17) жаңадан қабылданған қызметкерлерге кіріспе нұсқама өткізеді;

18) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған кезде, осы бұзушылықтарды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайды;

Филиалдағы қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік санитарияның жағдайына бақылауды жүзеге асырады; ҚАУ қызметі жетекшілік ететін материалдар мен қызметтер бойынша өтінімдерді және бюджетті жоспарлау және бақылау, Бтжпб бойынша келісімшарттарды бақылау, мониторингілеу.

 

Жұмыс орны "KEGOC" АҚ "Оңтүстік жүйеаралық электр желілері"филиалының әкімшілік ғимаратында орналасқан.

Түйіндемені қабылдау мерзімі 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Астана сигнализация және байланыс дистанциясының Нұр-сұлтан стансасының 1-топ учаскесін электрмен жабдықтау ауданының бастығы
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
22.11.2024 |  420
441927 - 464187
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шу электрмен жабдықтау дистанциясының 4-сыныпты эспе станциясының 2-тобы учаскесінің (байланыс желісі ауданының) бастығы
Шуская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
22.11.2024 |  60
358606 - 375649
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Семей қаласының электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері – Семей магистральдық желі филиалы
Семейская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Шығыс Қазақстан облысы
22.11.2024 |  72
335350 - 350414