кран машинисі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Жоспарлы кеңес (планерлік жиналыс) басталғанға дейін міндетті түрде ауысым алдындағы медициналық тексеруден өту.
Перед планерным совещанием слесарь по ремонту подвижного состава должен удостовериться в наличии служебного удостоверения, медицинской книжки, удостоверения по проверке знании, правил, норм и инструкции по безопасности и охраны труда, должен быть одет в спецодежду, спец. обувь и СИЗ.
Жұмыс басталар алдында жоспарлы кеңесте (планерлік жиналыста) қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, электр және өрт қауіпсіздігі бойынша келіп түскен бұйрықтармен, нұсқаулармен, сондай-ақ орын алған оқиғалар туралы мәліметтермен (бюллетеньдер, «Молния» жедел хабарламалары және т.б.) танысу.
KTZ HSE мобильді қосымшасында тіркеуден өту. Ішкі бақылау мен қауіпсіздік бойынша мінез-құлық диалогының нәтижелері бойынша берілген тапсырмалардың орындалу мәртебесін тексеру.
Өзімен бірге жарамды жұмыс құралдарын (түнгі уақытта – тасымалды шамды), сондай-ақ өлшеу және бақылау құралдарын алып жүруі тиіс.
Ауысым барысында бригадирдің нұсқауларын орындау.
Ауысымды қабылдау және тапсыруды, жабдықты, жұмыс орнын, құрал-саймандар мен құрылғыларды жұмысқа уақтылы дайындауды, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз ету.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар