«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Өңірлік диспетчерлік орталығы режим жөніндегі тобының 1-санатты инженері»

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
89

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының
Өңірлік диспетчерлік орталығы режим жөніндегі тобының 1-санатты инженері»
 
  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) қуат нарығын тұтынушылардың тізбесін қалыптастырады және өзектендіреді;

2) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарға қосымшаларға техникалық сараптама жүргізеді;

3) есептік кезеңде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетушілер бойынша есептерді жасайды;

4) Қуат нарығының субъектілері болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың коэффициентін (К1) есептейді;

5) Қуат нарығының субъектілері болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың коэффициентін (К4) есептейді;

6) Қуат нарығының субъектілері болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың коэффициентін (К3) есептейді;

7) қуат нарығының субъектілерімен коэффициенттерді (К2, К5, К6, К7) келіседі;

8) есептік кезеңде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсетушілермен коэффициенттердің мәні туралы актілерді растайтын есептермен бірге үш данада қалыптастырады және бекітуге ұсынады;

9) бірыңғай сатып алушыға есепті кезеңдегі электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызмет көрсетушілермен коэффициенттердің мәндері туралы ресімделген және келісілген актілерді, есептерді қоса берілген негіздеуші құжаттармен бірге қалыптастыруға қатысады;

10) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесіне (бұдан әрі – ЭТНЖ) түзетулердің енгізілуін бақылайды;

11) Атқарушы дирекциямен шарт жасасқан тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы күнделікті есеп дайындайды;

12) орағытпалы ажыратқыштардың, күштік трансформаторлардың ажыратылған күйінің, реакторлардың ажыратылған күйінің есептеулерін, бір айдағы орташа кернеудің есептеулерін, сондай-ақ БАЖ бағдарламасына ҚС қосылыстарында кернеудің болмау кезеңінің бастапқы деректерін енгізеді;

13) АлмЖЭТ қосалқы станцияларындағы ЖҚ-ға жұмсалатын электр энергиясының нормативтік және нақты шығысын есептейді;

14) ҰЭТДД-ға «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының электр желілеріндегі электр энергиясының шығындарын азайту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті ұсынады;

15) жылдық есептің «2.10.3. АлмЖЭТ желілеріндегі электр энергиясының шығындарын азайту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы» бөлімін әзірлеуге қатысады;

16) ӨДО басшылығының топтың және ӨДО міндеттерін шешуге бағытталған өкімдерін орындайды (жедел келіссөздердің стенограммаларын, жедел журналдан үзінділерді, энергия нарығының субъектілеріне хаттарды, телефонограммаларды, сұрауларға жауаптарды және т.б. дайындау);

17) ӨДО алдына қойылған міндеттерді жақсартуға бағытталған электротехникалық міндеттерді шешу үшін жаңа бағдарламаларды игереді;

18) тікелей басшының қызметтік тапсырмаларын орындайды; Филиал басшылығының қосымша тапсырмаларын орындайды.

 

Талаптар:

 

Білім деңгейі

жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі)

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы саласындағы техникалық

Лауазым бағыты бойынша

жұмыс тәжірибесі

Электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

2-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл және/немесе лауазым бағыты бойынша кемінде 4 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·          Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған білімі;

·        Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білімі;

·        «KEGOC» АҚ электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтардың параметрлері мен құрамын білу;

·        Желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын өз қызметін жүзеге асыру кезінде ӨДО-да қолданылатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу;

·          Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

·          Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);

·          Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

·         Мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін білу;

·        Microsoft Office, WEB-міндеттермен, ОИК, SCADA, ЖО ЭКЕАЖ, EMCOS жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларының болуы.

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

 Бос лауазым уақытша болып табылады.

 Түйіндемені қабылдау 16.07.2026ж.  дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

 

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы