«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы «Оңтүстік ӨО телекоммуникациялар тобының радиобайланыс секторының жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
60

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) бекітілген диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – СДТУ) жабдықтарында жоспарлы-кесенді профилактикалық жұмыстарды (бұдан әрі – ЖКПЖ) ұйымдастыру және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылау;

    2) бекітілген жабдықтарға (СГП, радиостанциялар, радиорелелік станциялар, спутниктік терминалдар, АТС, СКС, дауыс зорайтқыш байланыс аппаратурасы, сымсыз қолжетімділік жабдығы, PLC интеграцияланған байланыс арналары, РРЛ мультиплексорлары және ВЧ байланыс арналары, ВЧ байланысының аналогтық арналары, спутниктік байланыс жер станциялары) қолданыстағы нұсқаулықтардың және қызмет көрсетілетін жабдыққа арналған техникалық құжаттаманың талаптарына дәл сәйкес қызмет көрсетуін, пайдаланылуын және жөнделуін жүзеге асыру;

    3) келіп түскен байланыс аппаратурасының жаңа үлгілерін сынақтан өткізуді ұйымдастыру және олардың пайдалануға енгізілуін бақылау;

    4) аварияларды, істен шығуларды, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу, жабдықтың жұмыс сенімділігін арттыру бойынша ұсынымдар, аварияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

    5) жаңадан енгізілетін объектілерді жобалауға және қолданыстағы жабдықты реконструкциялауға арналған техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысу

    6) бөлім қызметкерлері жұмыстар жүргізілетін учаскелерде және үй-жайларда орындайтын жұмыстар кезінде ПТБ, ППБ, ПТЭ және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

    7) жабдыққа, аспаптарға, материалдарға, жабдықты жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерге жылдық өтінімдерді шоғырландыру;

     8) РРЛ-де, ВЧ байланыс интеграцияланған арналары бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, байланыс желілерінде бақылау және авариялық өлшеулер жүргізу, ПТБ және техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес;

    9) персоналды техникалық оқытуды жүргізу;

    10) басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Жеке компьютерде пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары болуы, құжат айналымы жүйесі арқылы мемлекеттік тілде келетін ақпаратты құжаттың мәнін және оның негізгі ережелерін түсіну деңгейінде қабылдау, өз міндеттерін орындауға жеткілікті
  • АТС, ЗССС, СГП, РРЛ және ВЧ жабдықтарында жұмыс тәжірибесі болуы. Жұмыс процесін сауатты ұйымдастыра білу. Шешім қабылдай алу.

     Дамуға бағытталу. 
  • Қызмет саласы бойынша сертификаттардың болуы құптарлық

Шарттар:

  • Жұмыс орны филиалдың әкімшілік ғимаратында орналасқан: «KEGOC» АҚ «Оңтүстік торапаралық электр желілері», мекенжайы:         Шымкент қ., Бауыржан Момышұлы көшесі, 27

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)