«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымалдауды жоспарлау және маркетинг секторының бастығы - «Ақмола»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- ҚР ККМ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз етеді және орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- тасымалданатын жүктердің әрбір номенклатурасы бойынша кәсіпорындар қызмет көрсететін агенттік пункттер бойынша тиеу жоспарының орындалуын бақылайды;
- БП бөлімшесінің шекарасында "шарттық және коммерциялық жұмыс" автоматтандырылған басқару жүйесінде (ДКР АБЖ) жүктерді тасымалдау жоспарларының орындалуын және тасымалдау құжаттарының ресімделуін бақылауды жүзеге асырады;
- агенттік пункттердің жұмысына бақылау жүргізеді, тиеу, түсіру кезінде вагондардың ұзақ тұруының себептерін анықтайды.
- бөлімшенің агенттік пункттері бойынша жеке және жалға алынған вагондарда жүктерді тиеу және түсіру бойынша бақылау жүргізеді;
- Ақмола МЖҚ-1 бойынша тиеу, түсіру, жергілікті вагон айналымының орындалуы бойынша көрсеткіштердің орындалуын, есепті сағатқа түсіруде қалған вагондардың болуын, жергілікті жүктің болуын, номенклатуралық жүктер – кенді, астықты, құрылыс жүктерін тиеу бойынша көрсеткіштердің орындалуын бақылайды;
- жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау және тасымалдау маркетингі мәселелерімен айналысатын "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасау мақсатында клиенттерге сауалнама жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС басшылығы мен тасымалдау процесі дирекциясының бұйрықтарының, өкімдерінің, жеделхаттары мен жазбаша тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
- бөлім туралы ереженің Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде үлгі лауазымдық нұсқаулықта, бөлім туралы ережеде көзделген жауаптылықта болады
- бөлімнің іс жүргізуінің электрондық айналымы бойынша бақылауды, нұсқаулардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
- клиенттермен берілген тиеу жоспарын және жүктеме себептерін орындау бойынша жұмыс жүргізеді.
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, темір жол көлігіндегі көлік логистикасы);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы