Терапевт дәрігер

«Шүлбі ГЭС» ЖШС Шүлбі к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Өзінің мамандығы бойынша білікті медициналық көмек көрсетеді, медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген заманауи профилактика, диагностика, емдеу және реабилитация әдістерін пайдалана отырып;

    Қызметкерлердің медициналық тексерісін 100% мерзімді қамтамасыз етеді.

    Аурулардың профилактикасы және алғашқы шұғыл көмек көрсету дағдыларын оқыту бойынша санитариялық-ағартушылық жұмысты жүргізу кестесін жыл сайын әзірлейді.

    Кестеге сәйкес аурулардың профилактикасы және алғашқы шұғыл көмек көрсету дағдыларын оқыту бойынша санитариялық-ағартушылық жұмысты жүргізеді.

    Мерзімді профилактикалық тексерістің қорытындысы бойынша кәсіпорын бойынша сырқаттанушылықты талдайды.

    Жуынатын бөлмелердің, тұрмыстық үй-жайлардың, тамақ қабылдау бөлмелерінің санитариялық жағдайын қадағалайды.

  • Медициналық пункттің құжаттамасын тиісті түрде жүргізеді.

    Медициналық пунктті қажетті жабдықпен, алғашқы қажеттілік дәрі-дәрмектерімен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етеді.

    Дәрі-дәрмектердің және дезинфекциялық құралдардың дұрыс жұмсалуына жауап береді.

  • Дәрігер – терапевт міндетті:
    - адал және жауапкершілікпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, оған жүктелген еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа және Қауымдастықтың ішкі актілеріне сәйкес сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау;
    - КСМ саласындағы Саясаттарды, Бөлімшенің Мақсаттарын білу және оларды іске асыруға қатысу;
    - КСМ құжаттамасының талаптарын, тиісті бөлімшенің қызметіне және Қызметкердің функцияларына сәйкес орындау;
    - Қызметкерлердің еңбек тәртібінің қағидаларын, қолданыстағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және КСМ құжаттамасына сәйкес санитариялық-гигиеналық және өзге де нормалар мен ережелерді сақтау;
    - Қауымдастықтың мүлкі мен мүліктік мүдделерін ұрлаудан, жойылудан, бүлінуден және басқа да қолайсыз әсерлерден қорғау үшін барлық шараларды қабылдау, сондай-ақ Қауымдастықтың қызметкерлердің қарауында болатын мүлкінің сақталуы үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтеру.

Талаптар:

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
  • Семей қ. тұру немесе Шульбинск п. кентіне, Баженово ауылына көшу.

Шарттары:

  • 5/2, 8.00-17.00, 12.00-13.00 аралығында үзіліспен, демалыс және мерекелік күндері кезекшілік болуы мүмкін

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы