Клиенттік жолдарды басқару орталығының Customer Service бастығы

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
166

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Сату және қызмет көрсету арналарының барлығы бойынша NPS, FRR, CSI және басқа да сервистік көрсеткіштерді өлшеу жүйесін әзірлейді, енгізеді және басқарады, сондай-ақ оларды жақсарту бойынша ұсынымдар дайындайды;

  • Клиенттердің қанағаттану индексін арттыру, абоненттердің өмірлік циклін ұзарту және қайталама сатылымдарға жағдай жасау мақсатында B2B сегментіне арналған адалдық (лоялдылық) жүйесін әзірлейді;

  • ШОБ клиенттеріне қызмет көрсету бөлігінде қызметкерлердің құзыреттілігі мен клиентке бағдарлануын арттыру мақсатында сервистік қызметкерлерге арналған онлайн-оқыту процестерін әзірлейді және енгізеді;

  • Клиенттердің талап-шағым сипатындағы жазбаша өтініштеріне жауаптарды дайындауды ұйымдастырады;

  • Өтініштерді қарау барысында анықталған клиенттердің қанағаттанбау себептерінің жойылуын бақылайды;

  • 160 байланыс нөмірі арқылы қабылданған B2B сегменті клиенттерінің өтініштерін қабылдау, тіркеу және өңдеу жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;

  • Цифрлық арналарға қызмет көрсету қызметінің операциялық тиімділік көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды (inbound – кіріс қоңыраулар және outbound – шығыс қоңыраулар бойынша қызмет көрсету процестерін үйлестіру);

  • Корпоративтік сегменттегі клиенттердің кіріс өтініштеріне қолжетімділік деңгейін, өнімділікті және мониторингті қамтамасыз етеді;

  • Бекітілген сценарийлерге, рәсімдер мен нұсқаулықтарға сәйкес корпоративтік сегмент клиенттеріне шығыс қоңырауларды (outbound) жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;

  • Анықтамалық-ақпараттық, талап-шағым және бас тарту сипатындағы мәселелер бойынша абоненттермен цифрлық арналар арқылы өзара іс-қимыл жасау әдістері мен процестерін әзірлейді;

  • Цифрлық (қашықтан) байланыс арналары арқылы B2B клиенттерімен анықтамалық-ақпараттық, талап-шағым және бас тарту сипатындағы мәселелер бойынша кері байланысты ұйымдастырады;

  • B2B клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету арналарына роботтандырылған қызмет көрсету әдістерін енгізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Жоғары экономикалық немесе техникалық білім;

  • Телекоммуникация қызметтері саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білім мен тәжірибе:

  • Телекоммуникациялық компаниялардың сервистік бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы;

  • Телекоммуникациялық компаниялардың ішкі сервистік процестерін түсіну;

  • Телекоммуникациялық компаниялардың сату және қызмет көрсету арналарының сервистік деңгейін арттыру қағидаттарын түсіну;

  • NPS, FRR, CSI сервистік көрсеткіштерін қалыптастыру және басқару қағидаттарын білу;

  • Байланыс орталықтарының және цифрлық (қашықтан) арналардың жұмыс істеу қағидаттарын түсіну;

  • Сервистік бөлімшелердегі қызмет көрсету процестерін сипаттау әдіснамасы бойынша тәжірибесінің болуы;

  • Талап-шағым сипатындағы өтініштермен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;

  • Абоненттердің талап қою арыздары бойынша сот отырыстарына қатысу тәжірибесінің болуы;

  • Ішкі процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;

  • Өнімге қойылатын талаптарды қалыптастыру, жобаларды жоспарлау, өнім аналитикасы мен пайдаланушылардың кері байланысы негізінде міндеттерді қою және басымдықтарын айқындау тәжірибесінің болуы;

  • Қайталама сатылымдарды жүзеге асыру мүмкіндігі бар адалдық (лоялдылық) жүйелерін құру тәжірибесінің болуы;

  • Презентациялар дайындау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларының болуы.
    Бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді білуі тиіс: Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Point, Qlik, Google Docs, CRM, АСР, Teams, Miro, CRM, АСР