Астана қаласындағы Корпоративтік сату орталығының директоры ДКБ

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
218

   Конкурс туралы
Міндеттері:

- бекітілген тәсілдер, қағидаттар мен стандарттар шеңберінде макроөңірге жеткізілген сатылымдарды іске асыру жөніндегі міндеттерді әзірлейді және жасайды
- бекітілген тәсілдер, қағидаттар мен стандарттар шеңберінде өңірге жеткізілген сатылымдарды іске асыру жөніндегі міндеттерді әзірлейді және жасайды
- өңірде телекоммуникация желілерін дамытудағы неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасайды
- үдерістер мен рәсімдерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына шығарады
- жеткізілген сату жоспарының, есептелген кірістердің және өңір кассасының орындалуын қамтамасыз етеді 
- өңірдің жаңа қызметтердің өтімділігін арттыру жоспарын орындауы мен сервисті қамтамасыз етеді
- баға саясатын қалыптастыруды және өңірде қолданыстағы жеңілдіктер жүйесінің қолданылуын бақылайды 
- күрделі салымдар бюджеті және өңірдің жобалары бойынша жедел резерв шеңберінде ұсыныстар қалыптастырады, бастамашылық етеді
- дебиторлық берешек деңгейі бойынша жеткізілген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді, өңірде абоненттердің дебиторлық берешегін төмендетуге және өтеуге бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады
- клиенттердің өтініштерін, олардың ұсыныстары мен шағымдарын объективті және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді 
- макроөңірдің жобалары бойынша күрделі салымдар мен жедел резерв бюджеті шеңберінде ұсыныстар береді
- өңірдің клиенттік базасын және клиенттерінің кіріс бөлігін ұстап қалуды қамтамасыз етеді
- клиенттердің өтініштерін, олардың ұсыныстары мен шағымдарын объективті және уақтылы қарауды бақылайды 
- бөлімше портфелінің ішінде клиенттерді қайта сегменттеуді қамтамасыз етеді 
- бөлімше қызметкерлерінің клиенттердің өтініштері бойынша телекоммуникация қызметтерін алу үдерісіне, сондай-ақ абоненттерді ұстап қалу және кетумен жұмыс істеу үдерісіне бақылауды жүзеге асырады, өңірдің негізгі клиенттерінің қызметтерді алудан ұстап қалу жөнінде жедел шаралар қабылдайды 
- жаңадан енгізілетін қызметтер мен сервистерді танымал ету жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін бақылайды, клиенттерді ismet.kz. порталы туралы хабардар ету үдерісін ұйымдастырады, телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу және қайта жасасу жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады 
- күрделі салымдар бюджеті, жедел резерв арқылы желілер салу жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына шығарады
- қабылданған қызметкерлердің бейімделуіне жалпы бақылауды жүзеге асырады 
- жүктелген міндеттерге сәйкес қызметкерлер арасындағы лауазымдық міндеттерді бақылайды 
- өңір қызметкерлерін ауыстыруға, көтеруге және жұмыстан шығаруға, компанияның ішкі рәсімдері мен стандарттарына сәйкес жалақыларын түзетуге бастамашылық жасайды 
- жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша макроөңір қызметкерлерінің оқытылуы мен дамуын бақылайды 
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде барлық деңгейлерде және бөгде ұйымдарда КБД және "Қазақтелеком" АҚ мүдделерін білдіреді 
- Өз бөлімшесінің жұмыскерлерінің жеке мақсаттар қоюын ұйымдастырады және олардың іске асырылуын бақылайды 

Талаптары: 
- Жоғары экономикалық, қаржылық, маркетингтік немесе техникалық білім және телекоммуникациялар саласында немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Корпоративтік сату орталығының директоры мыналарды білуі тиіс:

  1. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде «Қазақтелеком» АҚ-ның және Корпоративтік бизнес дивизионының (КБД) өкімдік және ішкі құжаттарын;
  2. «Қазақтелеком» АҚ-ның Интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) және Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің (АҚБЖ) құжаттарын;
  3. Электрондық құжат айналымы жүйесін;
  4. Осы лауазым бойынша жұмыс істеуге қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды: CRM «Siebel», АСР, Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint);
  5. Мемлекеттік тілді лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті деңгейде меңгеруі тиіс.