"Қазпошта" АҚ Қаржылық мониторинг департаментінің Бас менеджер-бағыт жетекшісі
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
17.07.2026
- Берілген өтінім:
- 7
- Қаралған саны:
- 274
Міндеттері:
- 1. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мақсатында Ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу, оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу;
2. «Қазпошта» АҚ-ның ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мәселелері бойынша ішкі нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын әзірлеу, оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу;
3. ҚЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша әдіснамалық материалдарды әзірлеу және оқыту өткізу;
4. «Workflow» АЖ, «Colvir» КАЖ, Post.kz және өзге де қосымшалардағы ҚЖ/ТҚҚ процестерін автоматтандыру, оңтайландыру, мониторингтеу, бақылау және тестілеу;
5. Қаржылық мониторингке жататын операциялар бойынша мәліметтерді Қаржылық мониторинг агенттігіне ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;
6. Департамент қызметіне қатысты мәселелер бойынша ІНҚ-ны, техникалық тапсырмаларды қарауға қатысу; «Қазпошта» АҚ бизнес-процестері бойынша ішкі нормативтік құжаттардың ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ саласындағы заңнамалық-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін қарау;
7. Автоматтандырылған жүйелерге қойылатын функционалдық талаптарды қамтитын техникалық тапсырмаларға ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ талаптарының сақталуы бөлігінде сараптама жүргізуге қатысу («Workflow» АЖ-дағы өтінімдер), сондай-ақ тестілеу жүргізу, тестілеу хаттамаларын қарау/келісу;
8. FATCA талаптары шеңберінде клиент деректерін жинау, уәкілетті мемлекеттік органға есептілік ұсыну және сақтау процесін бақылау;
9. «Қазпошта» АҚ-да ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мақсатындағы Ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуы мен сақталуына мониторинг жүргізу;
10. Операцияларды мониторингтеу барысында анықталған «Қазпошта» АҚ қызметкерлері тарапынан жіберілген бұзушылықтарды тіркеу және жауапкершілік шараларын қолдану туралы шешім қабылдау үшін ақпаратты тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолдау;
11. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мақсатындағы ішкі бақылау жүйелерінің өзектілігін қамтамасыз ету және Ішкі бақылау қағидаларында баяндалған жалпы ережелер мен қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
12. Клиент операцияларын күдікті деп тану және Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлама жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
13. Бизнес-процестерді зерделеу, талаптарды талдау, қажеттіліктерді анықтау және енгізу шеңберінде оларды іске асыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
14. «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мәселелері бойынша әдіснамалық қолдау көрсету;
15. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін (ҚЖ/ТҚ тәуекелі) басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ ҚЖ/ТҚ/ЖҚҚҚҚ тәуекелдерін басқару бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
16. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен клиент операцияларын тоқтата тұру немесе жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау;
17. Жария лауазымды тұлғалардың ақшаны жылыстату/терроризмді қаржыландыру жағдайларына қатыстылығы тұрғысынан беделін бағалау;
18. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ туралы заңда және «Қазпошта» АҚ ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау үшін «Қазпошта» АҚ басшылығына сұрау салулар жолдау;
19. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мақсатындағы Ішкі бақылау қағидаларының бұзушылықтары туралы басқару органын хабардар ету үшін мәліметтер мен ақпаратты дайындау;
20. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚҚ мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық тәжірибеге талдау және мониторинг жүргізу;
21. Департамент директорына атқарылған жұмыс туралы есепті және/немесе ақпаратты уақтылы ұсыну;
22. Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында (websfm.kz) орналастырылған мәліметтер мен ақпаратты зерделеу, оның ішінде «жеке кабинетпен» жұмыс істеу.
Талаптар:
- Сала бойынша жоғары білім: заңтану және/немесе қаржы және/немесе экономика.
- Құқықтану және/немесе комплаенс-бақылау және/немесе қаржылық мониторинг және/немесе қаржы және/немесе қаржылық қызметтер және/немесе ішкі бақылау және/немесе аудит және/немесе корпоративтік басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болу
Шарттар:
- Дүйсенбіден жұмаға дейінгі күнделікті жұмыс уақыты 8 (сегіз) сағат, 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі ас және демалыс уақыты 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі және жексенбі - демалыс күндері бар бес күндік жұмыс аптасы
- Астана
Ұқсас вакансиялар
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС гидродинамикалық модельдеу департаменті гидродинамикалық модельдеу басқармасының жетекші инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.07.2026 | 234
SAP BW/BPS бойынша кеңесші / әзірлеуші (BW 7.x + BW/4HANA, BPC Embedded) (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.07.2026 | 301
Жанаозен аудандық газ шаруашылығының желі аралаушы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Жаңаөзен қ.
24.07.2026 | 5585