«KEGOC» АҚ Жүйелік қызметтер департаменті электр энергиясын және қосалқы қызметтерді сатып алу бөлімінің қосалқы қызметтерді сатып алу жөніндегі менеджері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
369

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. «KEGOC» АҚ үшін неғұрлым тиімді талаптарға қол жеткізу мақсатында Жүйелік қызметтер департаменті басшылығының қызмет көрсетушілермен жүргізілетін келіссөздерге қатысуына қажетті материалдарды дайындайды;
  2. қосалқы қызметтерді (қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, оның ішінде көршілес мемлекеттердің энергия жүйелерімен), электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін (электр энергиясын сатып алу-сатуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге арналған сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі) сатып алуға шарттар жасасады (бұдан әрі – «КОРЭМ» АҚ қызметтері);
  3. SAP ERP/HCM бағдарламасында қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін сатып алу бойынша жасалған шарттарға қатысты деректер базасын қалыптастырады;
  4. SAP ERP/HCM бағдарламасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін сатып алу процестері бойынша қажетті транзакцияларды жүргізеді. Оның ішінде жеткізуге тапсырыстарды, материалдардың түсуін және шот-фактураларды (бағалау және нақты) жасайды, төлем күнтізбесін қалыптастырады және жетекшілік ететін шарттар бойынша төлемдерді жүзеге асырады;
  5. есепті кезең үшін қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін сатып алу бойынша есептелген сомаларға қатысты жиынтық ведомостарды жасайды және ресімдейді;
  6. қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін сатып алу бойынша есеп айырысуларды және бастапқы құжаттарды (салыстыру актілерін) жүйелейді;
  7. есептік кезең үшін қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін сатып алу бойынша ай сайынғы салыстыру актілерін дайындайды және келіседі;
  8. қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді, электр энергиясын беру және/немесе тарату қызметтерін (жөндеу жұмыстары кезінде), сондай-ақ «КОРЭМ» АҚ қызметтерін сатып алу бойынша ай сайынғы есеп айырысуларды жүргізеді;
  9. жетекшілік ететін шарттар бойынша әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша контрагенттермен қаржылық өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін ресімдейді;
  10. туындайтын келіспеушіліктер кезінде «KEGOC» АҚ-ның залалын барынша азайту мақсатында оларды реттеу және келісу рәсімдерін жүргізуге қажетті материалдарды дайындайды;
  11. қосалқы қызметтерді сатып алу шарттары бойынша төлемге өтінімдерді дайындайды және олардың уақтылы төленуін бақылайды;
  12. қосалқы қызметтерді сатып алу рәсімдерін өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды;
  13. қосалқы қызметтерді сатып алу бөлігінде бюджеттің, даму жоспарының және сатып алу жоспарының нақты орындалуы туралы есептерді дайындайды.

Талаптар:

  • Білімі: Электр энергетикасы/Экономика бағыттары бойынша жоғары білім.
  • Электр энергетикасы саласындағы жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

  • MS Office бағдарламаларын тәжірибелі пайдаланушы.
  • Қазақ және орыс тілдерін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Командада жұмыс істеу дағдылары, коммуникабельділік – ынтымақтастыққа ашықтық, сындарлы диалог жүргізе білу.
  • Электр энергетикасы, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) жүйелік операторының функциялары және өндіріс технологиясы саласындағы арнайы білім.
  • Аналитикалық дағдылар (талдау және егжей-тегжейлеу).
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтау).

Қажетті қабілеттер

  • системные услуги в электроэнергетике