"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі"филиалының материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері

409 129 - 423 515
Кызылординское отделение магистральной сети Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
37

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу үшін тендерлік құжаттама жобасының веб-сайтында орналастыру;
  • Ескертулер болған кезде алдын ала талқылауды ұйымдастыру және өткізу және шешімдердің бірін қабылдау;
  • Веб-сайтта тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыру;
  • Ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу туралы бұйрықты әзірлеу және келісу, тендер комиссиясының құрамын, қажет болған жағдайда сараптама комиссиясын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын тағайындау, тендерлік құжаттаманы бекіту;
  • Ашық тендер тәсілімен, баға ұсыныстары тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды келісу және жасасу;
  • Шарттың талаптарына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің уақтылы енгізілуін бақылау;
  • Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер әзірлеу, келісу және жасасуды қамтамасыз ету;
  • Жасалған сатып алу шарттары бойынша ақпаратты ЅАР басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізу;
  • Сатып алу Қағидаларының талаптарына сәйкес Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне өнім берушілерді қосу жөніндегі рәсімдерді жүргізу үшін қоғамның сатып алуды үйлестіру және мониторинг департаментіне құжаттардың толық пакетін жинау және беру бойынша уақтылы жұмыс жүргізу;
  • Жасалған шарттар бойынша деректер базасын жүргізу, шарттардың түпнұсқаларын, қосымша келісімдерді, жеткізу кестелерін, филиалдың бас бухгалтеріне жеткізуге өтінімдерді беру;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; вагондар; Экономика; құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті (темір жол көлігін)пайдалану; 
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр