Лауазымдық жауапкершілік:
Тәртіпке, Корпоративтік стандартқа және «ҮМЗ» АҚ-ның басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тауарлардың (шикізаттан басқа), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасына маркетингтік талдау жасауды ұйымдастыру және жүргізу.
Тапсырыс берушілер - «ҮМЗ» АҚ бөлімшелеріне маркетингтік зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын құжаттамадағы сәйкессіздіктер туралы ақпараттың жедел жеткізілуін қамтамасыз ету.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер нарығына мониторинг пен талдау жүргізу.
Маркетингтік зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын құжаттаманың дұрыс рәсімделуін тексеру.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерден коммерциялық ұсыныстарды сұрату және қарастыру.
Қолданыстағы есептік бағдарламалық кешеннің дерекқорына маркетингтік/жоспарлы бағаларды өз уақытында енгізу.
«ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдерді келісімдеу.
ТЖҚ БНА кодтарын беру бойынша Уәкілетті органмен хат-хабар алмасуды жүргізу және Уәкілетті органның талаптарын ескере отырып, тапсырыс берушілер – «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінен қажетті мәліметтерді сұрату.
«ҮМЗ» АҚ-да сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге маркетингтік бағаларды айқындау тәртібі мен әдістемесіне, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ-ның өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленген тәртіппен сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тиісті маркетингтік құжаттарды ресімдеу.
«ҮМЗ» АҚ-ның тиісті жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына енгізу үшін сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуларды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне маркетингтік қорытындыларды жіберу
сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуларды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге маркетингтік бағалар бөлігінде сатып алу жоспарына түзетулер енгізу қажеттілігі туралы ақпаратты ұсыну (қажет болған жағдайда)
Менеджмент жүйесіне аудит жүргізуге қатысу.
Жеткізушілермен, «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен баға маркетингі мәселелері бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен (сонымен шектелмей) баға маркетингі мәселелері бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу.
Өндірістік мәселелер бойынша есептерді ұсыну: маркетингтік талдау жүргізу, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерді атқару, сондай-ақ ережелермен, нұсқаулықтармен және басшылықтың нұсқауларымен белгіленген басқа да есепті құжаттаманы уақтылы ұсыну.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе жиынтығының толық еместігі туралы басшыны дер кезінде хабардар ету.
Тәртіпке, Корпоративтік стандартқа сәйкес бағаларға маркетингтік зерттеулерді жедел жүргізу.
Контрагенттерді комплаенс-тексеруден өткізу бойынша жұмыстарды жүргізу.
«ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің құжаттамасын әзірлеуді және өзектендіруді ұйымдастыру (өз жауапкершілігі бөлігінде).
«Сапа күндерінде» қарастырылатын мәселелерді дайындау және оларда қабылданған іс-шаралардың орындалуын бақылау (өз жауапкершілігі шеңберінде).
өз қызметі саласындағы елеулі тәуекелдерді анықтау және олар туралы корпоративтік басқару және ақпараттық технологиялар жөніндегі директорды уақтылы хабардар ету.
Тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарды іс-шаралар жоспарына қосу үшін ұсыну, тәуекелдерді азайту бойынша іс-шараларды орындау және СБМО қызметкерлері іс-шараларға қатысушы болған жағдайда олардың іс-әрекетін үйлестіру.
Корпоративтік басқару және ақпараттық технологиялар жөніндегі директорға жүзеге асқан барлық тәуекелдер туралы ақпаратты дер кезінде ұсыну.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерлердің дербес деректерін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Функциялар менеджмент жүйесінің қолданыстағы құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
СБМО бастығының негізгі міндеті СБМО-ны басқару және басқаруды жетілдіру болып табылады.
СБМО қызметін перспективалық және жедел жоспарлау.
СБМО басшыларымен және мамандарымен (қажет болған жағдайда басқа бөлімшелердің мамандарын тарта отырып) кеңестердің өткізілуін жоспарлау.
СБМО персоналының біліктілігін арттыруды жоспарлау.
Қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін белгілеу, оларды іріктеу, орналастыру және ауыстыру.
Қарамағындағылардың жұмысын ұйымдастыру, оларға алға қойылған жедел міндеттер мен лауазымдық міндеттерді орындау үшін жағдайлар жасау.
Қарамағындағылардың атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынуын ұйымдастыру.
Қарамағындағылардың басқа бөлімшелердің қызметкерлерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
СБМО алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша жедел тапсырмаларды бөлу, шаралар әзірлеу және шешімдер қабылдау үшін кеңестер өткізу.
Қарамағындағыларға бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды жеткізу.
Қарамағындағылардың өзара және басқа бөлімшелердің қызметкерлерімен іс-қимылын үйлестіру.
Алынған ақпаратты талдау негізінде жедел шешімдер қабылдау.
Электрондық пошта және АҚЖ БК біріктірілген жүйесі арқылы алынған құжаттар мен қызметтік хат-хабарларды бөлім қызметкерлеріне орындау үшін жедел және уақтылы жолдау.
Қарамағындағылардың алдында тұрған жедел міндеттердің уақтылы шешілуін және міндеттемелердің орындалуың, толықтығын және сапасын бақылау.
Қызметкерлердің есептерін талдау және қажет болған жағдайда оның нәтижелері бойынша қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау.
Қарамағындағылардың мыналарды сақтауын бақылау:
өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті талаптарын, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын.
режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын, өткізу және объектішілік режимін, еңбек және өндірістік тәртіпті;
Тәртіпті;
ішкі нормативтік құжаттарды, бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да ұйымдастыру-өктемдік құжаттаманы.
СБМО бастығы:
• Қарамағындағы қызметкерлермен еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын бұзудың алдын алу мәселелері бойынша тәрбие және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
• Еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмысшылардың жұмыс уақыты режимін сақтау, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді.
• Еңбек қызметі процесінде қарамағындағы қызметкерлердің тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді.
• Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады.
• Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды.
Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындайды.
«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтайды.
РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.
СБМО-дегі материалдық құндылықтардың сақталуын, физикалық қорғалуын, есепке алынуын және бақылануын қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды.
Қолданыстағы заңнаманың, СБМО бастығының қызметін реттейтін ішкі нормативтік және басшылық құжаттардың талаптарын сақтайды.
Білім:
жоғары (экономикалық, заңгерлік)Дағдылар:
• инженер (маман) немесе менеджер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
• ДЭЕМ және басқа да ұйымдық техника құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру;
• іскерлік хат алмасу және іскерлік қарым-қатынас дағдыларының болуы және т.б.
Қосымша:
Лауазымдық жалақы/грейд мөлшері Грейд 14 – 461 746 теңгеден 957 476 теңгеге дейін Білетін тілдер:
-