Тепловоз машинисінің көмекшісі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
3709

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін тепловоз жабдығының құрылысы және пайдалану ережесі; тепловоздың техникалық сипаттамасы; тепловозды күтіп ұстау және баптау тәртібі; тежегіштердің құрылысы және оларды басқару технологиясы; теміржол профилі; жол белгілері; қызмет көрсетілетін учаскеде белгіленген қозғалыстың барынша рұқсат етілген жылдамдығы; тепловоздарды пайдалануда техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулық; механикалық, электрлік, тежегіш және қосалқы жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері; жылжымалы құрамды тіркеу және ажырату ережесі; тежегіш табандықтарды пайдалану ережесі; темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі; темір жолдардағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулық; темір жолдардағы сигнал беру жөніндегі Нұсқаулық және орындалатын жұмыстар шеңберіне жататын басқа да нормативтік актілер; Қызмет көрсетілетін темір жол станцияларының, учаскелердің техникалық-өкімдік актілері; поездар қозғалысының кестесі; Электротехника негіздері.Тепловоз машинисі көмекшісінің кәсіби дайындығы және куәлігі талап етіледі.

Білім:

Орта кәсіби

Дағдылар:

Істей алуы тиіс: тепловоз машинисінің көмекшісі үшін нормативтік актіде белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес механикалық, электрлік, тежегіш және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді жүргізу; тепловозды қабылдауға және тапсыруға қатысу; жабдықтауды, тораптар мен бөлшектерді майлауды, Тепловозды жұмысқа дайындауды орындау; тепловозды бірінші вагонмен тіркеуді орындау: тежегіш магистралінің құрастырмалы жеңдерін қосу, тежегіш магистралінің шеткі крандарын ашу; тепловозды құрамнан ағыту: тежегіш магистралін алдын ала ажыратумен автотіркегіштерді ағыту; тепловоз машинисінің тепловозды күту және жүру жолындағы тораптар мен агрегаттардың жай-күйін бақылау жөніндегі тапсырмаларын орындау; тиісті нормативтік актіде белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес өздігінен қозғалуды болдырмау үшін тепловозды немесе поезды бекітуді жүргізу; теміржолдың бостығын, түйіспе желісінің, қарсы поездардың жай-күйін, поездық және маневрлік маршрутты дайындаудың дұрыстығын, бағдаршам сигналдарының, сигнал белгілерінің, поезд қозғалысы процесіндегі көрсеткіштердің, теміржол көлігі қызметкерлері беретін сигналдардың көрсеткіштерін бақылауды жүргізу, оларды тепловоз машинисімен қайталау және оларды орындау; белгіленген сигналдарды беруді, поездар қозғалысын ұйымдастыруға жауапты адамдардың нормативтік құжаттарға сәйкес жедел өкімдерін орындау; локомотив бригадасының жұмыс регламентінде белгіленген көлемде жүру жолында туындаған тепловоздағы ақауларды жоюға қатысу.

Қосымша:

Талаптар қойылмайды

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды