Адам ресурстарын басқару бөлімінің менеджері

«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
76

Қаралған саны:
976

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Мекемеде кадрлық әкімшілендіру процесін толық көлемде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қамтамасыз етеді және бақылайды;
  • Мекеме қызметкерлерінің еңбек тәртібі ережелерін, орындаушылық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді.
  • барлық кадрлық есептердің түрлерін дайындау және есепке алу процесін, оның ішінде ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерді қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне және Мекеменің ішкі реттейтін құжаттарына сәйкес әлеуметтік төлемдер, жеңілдіктер және персоналды әлеуметтік қолдаудың басқа да мәселелері бойынша жұмыс берушінің өтініштері мен актілерін келіседі;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына, Мекеменің ережелері мен тәртібіне сәйкес қызметкерлерді ақшалай емес марапаттау мәселелері бойынша жұмыс берушінің барлық төрдегі актілерін және өзге де құжаттарын ресімдеу процесін қамтамасыз етеді және жүргізеді;
  • қадағаланатын баптар бойынша бюджетті жүргізеді: еңбекке ақы төлеу қоры, үстемақылар және медициналық сақтандыру, оқыту, материалдық ынталандыру шеңберіндегі өзге де төлемдер, Мекеменің Даму жоспарын қалыптастыруға арналған есептеулерді дайындау және қадағаланатын баптар бойынша қаражатты пайдалануды бақылау

Талаптар:

  • адам ресурстарын басқару процестерінің кәсіби білімі, оның ішінде: HR-стратегия, ұйымдық құрылым, персоналды бағалау және дамыту құралдары, көшбасшылық дағдыларын дамыту, таланттарды басқару жүйесі және т.б.;
  • HR саласындағы үздік тәжірибелерді білу;
  • кадрлық әкімшілендірудің негіздерін, қызметкерлердің қызметін бағалауды, оқытуды және құзыреттерді дамыту, корпоративтік мәдениет, еңбек ресурстарын және персоналға арналған шығындарды жоспарлауды білу;
  • жиынтық сыйақы жүйесін және жалақыға шолу (обзор) жұмыстарын жүргізуді білу;
  • стратегиялық жоспарлау негіздерін, бизнес қажеттіліктері мен мақсаттарын талдауды білу;
  • ұйымдық дизайн және мінез-құлық негіздерін білу.
  • деректерді талдауға жүйелі көзқарас дағдылары, проблеманың барлық құрамдастарын қарастыра білу, мұқият талдауға негізделген рационалды және стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті;

Шарттар:

  • екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы (5/2): сенбі және жексенбі.
  • жұмыс күні 9.00-18.30, түскі ас 13.00-14.30

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Кәсіби)