Рұқсат құжаттамасы және реттеу жөніндегі бас менеджер
«QazaqGaz Processing » ЖШС Мақат к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Негізгі міндеттері
- Pre-FEED, FEED, EPC, құрылыс, объектіні пайдалануға беру және объектіні операциялық қызметке беру кезеңдерінде ірі инвестициялық жобаны іске асыру үшін кешенді Permitting Strategy әзірлеу және іске асыру.
- Рұқсат беру құжаттарын алудың сыни жолын айқындай отырып, толық Permits & Approvals Register қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мерзімдерге тұрақты мониторинг жүргізу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаны іске асыру үшін қажетті міндетті рұқсаттардың, келісімдердің, лицензиялардың, техникалық шарттардың және қорытындылардың толық тізбесін айқындау.
- Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, өрт қауіпсіздігі, жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және өзге де реттелетін салалар бойынша рұқсат беру құжаттарын алу процесін ұйымдастыру.
- Жобалау құжаттамасына кешенді мемлекеттік сараптамадан, экологиялық сараптамадан, өнеркәсіптік сараптамадан, санитариялық-эпидемиологиялық келісулерден және өзге де міндетті мемлекеттік рәсімдерден өтуді үйлестіру.
- Құрылысқа рұқсаттарды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға рұқсаттарды, объектілерді пайдалануға беруге рұқсаттарды және жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде қажетті өзге де рұқсат беру құжаттарын алуды ұйымдастыру.
- Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен және реттеуші ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
- Рұқсат беру құжаттарын дайындау мәселелері бойынша халықаралық FEED/EPC мердігерлерінің, жобалау институттарының, консультанттардың және мамандандырылған ұйымдардың жұмысын үйлестіру.
- Жобалық шешімдердің Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық стандарттарға және QazaqGaz компаниялар тобы мен «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік талаптарына сәйкестігін бақылау.
- Инженерлік инфрақұрылым иелерінен және өзге де мүдделі ұйымдардан техникалық шарттарды уақтылы алуды ұйымдастыру.
- Рұқсат беру қызметі бөлігінде Project Execution Plan (PEP), Regulatory Compliance Plan, Stakeholder Engagement Plan және өзге де жобалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.
- Рұқсат беру құжаттарын алу мәртебесі, реттеушілік тәуекелдер және сыни ауытқулар бойынша Steering Committee-ге, Басқармаға, Директорлар кеңесіне және Жалғыз қатысушыға арналған материалдарды дайындау.
- Реттеушілік және рұқсат беру тәуекелдері бөлігінде Risk Register қалыптастыру және жүргізу, оларды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Рұқсат беру құжаттарын алу мәртебесі бойынша тұрақты есептілікті, оның ішінде Permitting Dashboard, Critical Path Report және Regulatory Risk Report есептерін ұйымдастыру.
Біліктілік талаптары
Жұмыс тәжірибесі
- Жоғары білім (заңгерлік, құрылыс, инженерлік, мемлекеттік басқару немесе өзге де бейінді білім).
- Мемлекеттік ұйымдарда кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Құрылыс және сәулет салаларында расталған жұмыс тәжірибесі.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сараптамасынан сәтті өтудің расталған тәжірибесі.
- Жауапкершілігі I деңгейдегі объектілерге құрылысқа рұқсат алу бойынша расталған тәжірибе.
- Экологиялық сараптаманы, қоғамдық тыңдауларды сүйемелдеу және экологиялық рұқсаттарды алу бойынша практикалық тәжірибе.
- Халықаралық жобалау ұйымдарымен және EPC-мердігерлерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.
Кәсіби білімдері
Кандидаттың төмендегі салалар бойынша терең білімі болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасы;
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама;
- жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама;
- Мемлекеттік сараптама рәсімдері;
- құрылысқа рұқсат алу тәртібі;
- объектілерді пайдалануға енгізуге қойылатын талаптар;
- техникалық шарттарды алу рәсімдері;
- қоғамдық талқылаулар мен қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі.
Қосымша талаптар
- Permitting Strategy және Permits Register әзірлеу бойынша практикалық тәжірибе.
- Бір уақытта 50-ден астам рұқсат беру құжаттарын басқару тәжірибесі.
- PMI немесе AACE халықаралық практикасына сәйкес жобалық тәуекелдерді басқару қағидаттарын түсіну.
- Жоғары басшылық пен мемлекеттік органдар үшін аналитикалық материалдар дайындау тәжірибесі.
- Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
- Келіссөздер жүргізу үшін ағылшын тілін білу.
Ұқсас вакансиялар
Құқықтық мәселелер және корпоративтік шешімдер бөлімінің жетекші заңгері
«КазРосГаз» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
24.08.2026 | 115
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің шешімдер шығару жөніндегі топ менеджері (14 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Қызметкер болмаған кезде
| Астана қ.
21.08.2026 | 197
от 415 248
"Қазпошта" АҚ Заң департаменті бас менеджер
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.08.2026 | 260