Газды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі жобалар басқармасының бастығы — Мұнай және газ өндіру департаменті
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білімге қойылатын талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім:
- мұнай-газ ісі/органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе көмірсутектерді қайта өңдеу технологиясы/инженерия және инженерлік іс саласындағы инженерлік білім.
Қосымша:
- тиісті бейін бойынша магистр дәрежесі (қалаулы);
- бизнес және басқару магистрі немесе бизнес-администрлеу магистрі (MBA) (қалаулы).
Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар:
- жобаларды басқару саласындағы халықаралық біліктіліктің болуы: PMP/ IPMA/ PRINCE2 - қалаулы;
- газды дайындау және қайта өңдеу, газ өңдеу зауыттарын пайдалану бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы - қалаулы;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқудан өткендігі туралы куәлік - міндетті.
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- кемінде 8 жыл газды қайта өңдеу және дайындау саласында және/немесе мұнай-газ жобаларын басқару саласында ірі және/немесе ұлттық және/немесе халықаралық мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс тәжірибесі және/немесе мұнай-газ саласын қадағалайтын орталық мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі.
Қалаулы:
- сыртқы стейкхолдерлермен, ұлттық мұнай-газ компанияларымен (NOC), бірлескен кәсіпорындармен (JV), инвесторлармен, мердігерлермен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;
- өндірістік жұмыстар жоспарларын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі, оның ішінде: газ өңдеу кешендерінде сұйық көмірсутектер мен газды өндіру бойынша жоспарларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру, газды қайта өңдеу және өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша стратегиялық мақсаттарды қалыптастыруға қатысу, қуаттарды оңтайлы жүктеуді қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді талдау;
- газды қайта өңдеу, дайындау және тасымалдау процесін басқару тәжірибесі: газды қайта өңдеудің барлық кезеңдерін бақылау, оның ішінде кен орындарында және қайта өңдеу объектілерінде дайындау, тазарту және тасымалдау, газ жеткізу тізбегінің әртүрлі қатысушылары арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, шығындарды төмендету және жеткізілім сенімділігін арттыру үшін тасымалдау процестерін оңтайландыру;
- объектілердің сенімділігі мен тұтастығын бақылау тәжірибесі: газ өңдеу кешендерінің, көлік жабдықтарының, энергетикалық қондырғылардың және мамандандырылған техниканың жай-күйін мониторингтеуді ұйымдастыру, құрылыстардың тұтастығын қолдау және авариялық жағдайлардың алдын алу үшін бақылау және диагностика жүйелерін енгізу, өндірістік инфрақұрылымның барлық элементтері үшін техникалық қызмет көрсету және бақылау бағдарламаларын әзірлеу;
- ақпараттық жүйелердің сенімділігін қамтамасыз етуге басшылық ету тәжірибесі: технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін (ТПАБЖ/АСУТП), КИПиА және өндірістік ақпараттық жүйелердің жұмысын енгізу және бақылау, барлық өндірістік процестердің үздіксіз жұмысын және ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету, басқару мен автоматтандыру процестерінің тиімділігін арттыруға арналған шешімдерді әзірлеу;
- жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі: газ саласының өндірістік қуаттарын жөндеу, жаңарту және модернизациялау бойынша шешімдерді жоспарлау және енгізу, кен орындарында газды қайта өңдеу инфрақұрылымын күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарларын әзірлеу, модернизациялау жобаларын іске асыру кезінде мерзімдер мен бюджет талаптарының сақталуын бақылау;
- жаңа және қолданыстағы объектілер үшін жобалауға қатысу, техникалық-экономикалық негіздемелерді (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу тәжірибесі, жобалардың экономикалық тиімділігін және олардың компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін талдау, мердігер ұйымдармен және мемлекеттік сараптама органдарымен құжаттаманы келісу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
- газ және оны қайта өңдеу өнімдері нарығындағы сұраныс пен ұсынысты бағалау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі, болжамды нарықтық жағдайлар туралы аналитика дайындау дағдылары.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:
- мұнай-газ саласының ерекшеліктерін білу: геология, игеру, бұрғылау, газ кен орындарын игеру инфрақұрылымы, саланың үздік практикалары мен технологиялары, мұнай-газ өндіру саласындағы экономика;
- газды қайта өңдеу және дайындау жобаларын экономикалық бағалау және инвестициялық талдау саласындағы білім;
- жаһандық салалық трендтер мен өңірлік газ нарығын терең түсіну;
- газды қайта өңдеуді басқару бойынша білімдер мен дағдылар: газды қайта өңдеу, дайындау және тасымалдау технологияларын білу, газ өңдеу кешендерінің өндірістік қуаттарын басқару дағдылары, мұнай-газ саласы объектілерінің жұмыс ерекшеліктерін түсіну, оның ішінде кен орындарындағы инфрақұрылым ерекшеліктері;
- сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша білімдер мен дағдылар: құрылыстардың, көлік жабдықтарының, арнайы техниканың және энергетикалық жабдықтың сенімділігі мен тұтастығын бақылау саласындағы терең білім, өндірістік объектілердің жай-күйін жүйелі мониторингтеу жүйелерін ұйымдастыру дағдылары, газ саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын және экологиялық нормаларды білу;
- ТПАБЖ/АСУТП және өндірістік ақпараттық жүйелерді басқару бойынша білімдер мен дағдылар: технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерімен (ТПАБЖ/АСУТП) және КИПиА жүйелерімен жұмыс тәжірибесі, өндірістік ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану саласындағы білім, автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару процестерін оңтайландыру дағдылары;
- инфрақұрылымды жоспарлау және жаңғырту бойынша білімдер мен дағдылар:
өндірістік қуаттарды күрделі жөндеу, жаңғырту және жаңарту бойынша жоспарлау дағдылары, газ өңдеу объектілерін реконструкциялау және техникалық қызмет көрсетуге қатысты заманауи технологиялар мен тәсілдерді білу, модернизациялау жобаларын мердігерлермен және компанияның ішкі қызметтерімен үйлестіру қабілеті;
- жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша білімдер мен дағдылар: техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және талдау қабілеті, жобалық құжаттамаға қойылатын нормативтік талаптарды стандарттау саласындағы білім, жобаларды келісу мәселелері бойынша сараптама органдарымен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- газ және қайта өңдеу өнімдері бойынша нарықтық жағдайларды талдау дағдылары;
- жобалардың қаржылық-экономикалық модельдеу дағдылары, оның ішінде олардың рентабельділігі мен өтелімділігі, газды қайта өңдеу және тасымалдауға байланысты шығындарды талдау;
- мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілі B1 деңгейінен төмен емес: Intermediate (орташа) (қалаулы).
Функционалдық міндеттер:
1. КМГ-ның жылдық, перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу, сұйық көмірсутектер мен газ өндірісін жоспарлау:
1.1 Газ жобаларын дамыту стратегиясын әзірлеу және енгізуді, газды қайта өңдеу және дайындау объектілерін модернизациялау бойынша қолданыстағы бағдарламаларды іске асыруды, сондай-ақ сапалы мониторингті қамтамасыз ету үшін ДЗО КМГ қадағалайтын жобаларды қоса алғанда, көрсеткіштерді мониторингтеуге арналған құжаттар мен іс-шаралар жоспарларын іске асыруды бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
1.2 Жыл сайынғы Өндірістік бағдарламалар мен бизнес-жоспарлар жобаларын талқылайды және талдайды, жауапты бағыт бойынша КМГ және ДЗО-ның Бюджетіне және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарына қорытындылар дайындайды, сондай-ақ ұсыныстар енгізеді және келісуді, алдын ала мақұлдауды жүзеге асырады;
1.3 Қадағаланатын жобалар бойынша жоспарларды әзірлеу, олардың тиімді іске асырылуы үшін оңтайлы тетіктер мен кезеңдерді айқындау мақсатында.
2. Газды қайта өңдеу, дайындау және тасымалдау процесін басқару:
2.1 Бекітілген Өндірістік бағдарламалар, бизнес-жоспарлар және ДЗО қадағалайтын бюджеттер шеңберінде газды қайта өңдеу бойынша өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің орындалуын бақылауды және мониторингті қамтамасыз етеді, тарифтерді есептеулерді қалыптастыруға және келісуге қатысады, ДЗО КМГ қадағалайтын қаржылық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтейді;
2.2 Өнімді, оның ішінде газды тапсыруға дейін уақтылы қайта өңдеу және тапсыру процесін іске асыруды және басқаруды бақылайды, газды дайындаудың технологиялық процесін және коммерциялық газды есепке алу тораптары арқылы тұтынушыларға газды уақтылы қабылдау-тапсыру операциясын мониторингтейді;
2.3 Газды қайта өңдеу өнімдерінің өндірісін мониторингтейді: газды қайта өңдеу бойынша технологиялық процестің мәселелерін үйлестіреді, КМГ Басшылығы үшін өзекті есептерді алу және растау мақсатында оны одан әрі техникалық сүйемелдеуді үйлестіреді;
2.4 Газды іске асыру бойынша Шарттар жобаларын қарайды, оларға ұсыныстар мен ескертпелер дайындайды, КМГ-ның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және үшінші компаниялар/ұйымдармен ұйымдастырушылық және коммуникациялық жұмыс жүргізеді;
2.5 Газды дайындау, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қадағаланатын жобалардың өндірістік қызметін мониторингтейді, өндірістік жоспарларға түзетулер енгізуді және келісуді, оның ішінде бюджеттер мен бизнес-жоспарды қалыптастыру шеңберінде және олар бойынша қорытынды дайындауды қамтамасыз етеді;
2.6 Газды қайта өңдеу тереңдігін арттырудың, қайта өңдеу өнімдерінің белгіленген сапа талаптарына сәйкестіктің, өндірістік қызметті жетілдірудің, газды қайта өңдеу жобаларының табыстылығын арттырудың, сондай-ақ технологиялық даму деңгейінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
3. Қадағаланатын өндірістік объектілерде газ өңдеу кешенінің жерүсті құрылыстарының, энергетикалық жабдықтың, көліктің және арнайы техниканың сенімділігін, тұтастығын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мен сақтауды бақылау, оның ішінде ТПАБЖ/АСУТП, КИПиА және өндірістік ИС:
3.1 Газды қайта өңдеу және дайындау инфрақұрылымдарының, ТПАБЖ/АСУТП, КИПиА және ИС құралдарының үздіксіз және авариясыз жұмыс режимін бақылауды, сондай-ақ газ өңдеу кешенін пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды талдау, әзірлеу және орындалуын бақылау арқылы өндірістің нормадан тыс және жоспардан тыс тоқтап қалуларын азайтуды қамтамасыз етеді;
3.2 Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірыңғай стандарттар мен саясаттарды енгізуге және сақтауға қатысады;
3.3 Өндірістің нормадан тыс және жоспардан тыс тоқтап қалуларын төмендету бойынша мақсаттар мен міндеттердің орындалуын, өндірісте қауіпсіз жұмыстарды орындау мақсатында газды қайта өңдеу бойынша газ кешенін пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды талдау, әзірлеу және орындалуын бақылау арқылы ДЗО КМГ қадағалайтын ұйымдар бойынша мониторингтейді;
3.4 Қаржылық және өндірістік тәуекелдерді мониторингтеу, ескертуші іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу, тәуекелдерді басқару бойынша есептілікті дайындайды және ықтимал тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар береді; 3.5 Газды дайындау және оны кәдеге жарату жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін, ауытқу себептерін бақылап және талдап, түзетуші іс-шаралар бойынша ДЗО КМГ қадағалайтын ұйымдарға ұсыныстар енгізеді.
4. КМГ ДЗО қадағалайтын кен орындарындағы газды қайта өңдеу инфрақұрылымы мен өндірістік қуаттарды жөндеу, жаңарту және модернизациялау бойынша техникалық шешімдерді енгізуді ұйымдастыру:
4.1 Техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттаманы, маркетингтік зерттеулерді әзірлеуге және келісуге қатысады;
4.2 Жерүсті құрылыстарын, инфрақұрылымды және олардың пайдалану режимдерін жөндеу, жаңарту және модернизациялау бойынша техникалық шешімдерді, сондай-ақ газ өңдеу зауыттарында және ДЗО КМГ қадағалайтын ұйымдарда келісу мәселелерін қарайды;
4.3 Өндірістік қуаттар мен инфрақұрылымды модернизациялау, жабдықты жаңарту және жөндеу бойынша комитеттер мен комиссиялардың отырыстарына қатысады, ДЗО-ны қадағалайтын Басқарма үшін жаңа энергиятиімді технологияларды тарту және енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді;
4.4 ДЗО-ның газды қайта өңдеу, дайындау және тасымалдау бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;
4.5 КМГ ДЗО-ның мемлекеттік басқару органдарымен байланысты мәселелерін үйлестіреді және шешуге қатысады;
4.6 Басқарма қадағалайтын жобалар бойынша іс-шаралар жоспарларын келіседі, іс-шараларды орындау және іске асыру мерзімдері бойынша ұсыныстар дайындайды және қатысады, жұмыс топтарына, отырыстарға, комитеттерге және т.б. қатысады;
4.7 ДЗО-ның ашықтық жоспарының барлық шарттарының орындалуы бойынша жоспарлы тексерістерге қатысады; мерзімдер бойынша ауытқуларды, қажетті ресурсты, бюджет қаражатын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын және т.б. уақтылы анықтау үшін КМГ Басшылығы үшін қорытындылар дайындайды;
4.8 Табиғи/ілеспе газды қайта өңдеуге және оны дайындауға арналған жаңа жобалар бойынша жұмыстарды үйлестіреді, жаңа жобалар мен идеяларды талқылау бойынша кездесулер мен келіссөздерге тікелей қатысады, шарттар жасасу процесінде және т.б.
5.1 КМГ құрылымдық бөлімшелерінің (соның ішінде жұмыс/жобалық топтар) және/немесе ДЗО комитеттерінің КМГ Басқармасына, Комитеттеріне және басқару органдарына мәселелерді уақтылы қарастыру және ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстарын үйлестіреді;
5.2 КМГ қадағалайтын ДЗО-ның Жалғыз қатысушысы және Бақылау кеңесі қабылдайтын шешімдерді қабылдау бойынша тиісті рәсімдерді дайындайды, қарайды және жүргізеді, КМГ-ның ішкі құжаттары мен саясаттарына сәйкестігін ескере отырып;
5.3 ДЗО қадағалайтын мәселелерді КМГ Басқармасының, тиісті Комитеттердің және Директорлар кеңесінің қарауына шығару және оларды қарастыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді, белгіленген мерзімде және толық көлемде КМГ Басқармасы/ДК/Комитеттері үшін мәселелерді қарауға/келісуге/бекітуге шығару мақсатында;
5.4 КМГ қадағалайтын ДЗО-ның Бақылау кеңесіне шығарылатын материалдарын (газды қайта өңдеу жобалары), КМГ-ның Инвестициялық комитеттерін, сондай-ақ ДЗО-ның Бюджеттік және өндірістік бағдарламаларын қарайды. Ұсыныстар мен ескертпелер енгізеді, келіседі және ұсынымдар ұсынады;
5.5 Іске асырылатын жобалар бойынша жобалық құжаттарды талдау және сараптау жұмыстарын үйлестіреді, КМГ ұстанымын қалыптастыру және КМГ Басшылығына ескертпелер/ұсыныстар/қорытындылар ұсыну мақсатында.
6. Ақпараттық-аналитикалық жұмыс:
6.1 Ақпаратты дайындайды (анықтамалар, аналитикалық жазбалар, баяндамалар, презентациялар т.б.), Казақстан Республикасының басшылығы мен мемлекеттік органдарға арналған есептерді дайындайды;
6.2 КМГ ДЗО қадағалайтын газды қайта өңдеу және дайындау көлемдері бойынша деректерді мониторингтейді, талдау жүргізеді, қорытындылар мен нұсқамалар дайындайды, сондай-ақ олардың қызметін жақсарту мақсатында ДЗО КМГ бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
6.3 Нарық конъюнктурасын, газға сұраныс пен баға ұсынысын мониторингтейді, ықтимал тәуекелдерді бағалайды;
6.4 Өнімді және өндірістік қуаттарды іске асыруға байланысты өндірістік өзіндік құн мен шығындарды есептеу мен бағалауға қатысады;
6.5 КМГ ДЗО қадағалайтын Басқарма үшін баға саясатын қалыптастыруға арналған ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды, неғұрлым тиімді экономикалық шешімдер қабылдау мақсатында;
6.6 Баға өзгерісі үрдістерін мониторингтейді, талдайды және бағалайды, шығындар мен газдың өзіндік құнын төмендету, сондай-ақ қадағаланатын бағыт бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында табыстылықты арттыру бойынша ДЗО КМГ қадағалайтын Басқармаға ұсынымдар енгізеді.
7. Басқарманың ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы:
7.1 Еңбек қатынастары мәселелері бойынша «Samruk Business Academy» ШЖ-мен өзара іс-қимыл жасайды;
7.2 Басқарма туралы ережеде белгіленген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, бұл Басқарма қызметкерлерінің жұмысын тиімді және сапалы орындауға ықпал етеді;
7.3 Сатып алулар бойынша Тендерлік комиссиялардың отырыстарына қатысады, КМГ ДЗО қадағалайтын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурс құжаттамаларын қарайды, тендерлік қорытындылар дайындайды, Қызмет көрсетушінің қызмет көрсетуін бақылауды жүзеге асырады;
7.4 КМГ ДЗО қадағалайтын Басқарма бойынша газды қайта өңдеу көлемдерінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қойылған міндеттер мен мақсаттардың орындалу мерзімдерін үйлестіре отырып, іс-шараларды қарауға, келісуге қатысады.
8. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау:
- Тәуекелдерді/тәуекел факторларын басқарады, олардың іске асырылуы тәуекелдің туындауына әкелуі мүмкін. Оған қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды;
- Тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету және митигациялау бойынша іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді;
- Тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшені, сондай-ақ тікелей басшысын кез келген жасалған немесе мүмкін қателіктер/кемшіліктер туралы, олардың әлеуетті залалдарға әкелгенін немесе әкелуі мүмкін екенін, әлеуетті және іске асырылған тәуекел оқиғалары туралы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіп пен мерзімдерде уақтылы хабардар етеді.
9. Қызметті жақсарту мүмкіндіктерін анықтау КМГ Даму стратегиясы және функционалдық міндеттер шеңберінде қадағаланатын блок бойынша КМГ-ның бизнес-процестерін оңтайландыру жобаларын іске асыруға жауап береді, оның ішінде ұйымдастырушылық және операциялық тиімділікті арттыру, қадағаланатын қызмет бағыттарындағы функциялардың қайталануын жою, сондай-ақ өзгерістер процесін енгізу және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қадағаланатын бөлімшелердің қызметкерлерімен тұрақты коммуникациялар жүргізу.
10. Инвестициялық, бизнес- және операциялық жоспарлау қызметін басқару. КМГ Даму стратегиясына сәйкес, инвестициялық, бизнес- және операциялық жоспарлау саласындағы қолданыстағы саясаттар мен регламенттер, бекітілген мақсатты көрсеткіштер шеңберінде қысқа-, орта-, ұзақ мерзімді өндірістік жоспарларды айқындайды және өндірістік көрсеткіштердің орындалуын, жабдықтың технологиялық дамуын, сенімділігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді, қадағаланатын блок шеңберінде операциялық өндірістік жоспарларды қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстарға басшылық етеді, оның ішінде бизнес-бастамалар мен күрделі шығындар жоспарларын қалыптастыру және оларды Компанияның тиісті жоспарлары құрамында әрі қарай бекітуін үйлестіреді, оның ішінде олардың орындалуын бақылау және КМГ-ның стратегиялық мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін түзетуші іс-қимылдарды қабылдау.
11. Еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ тиісті ішкі корпоративтік стандарттарға сәйкес, қадағаланатын блок шеңберінде жұмыстарды қауіпсіз және тиімді орындау бөлігінде көшбасшылықты қамтамасыз етеді; авариялар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмыс орындарында қызметкерлердің еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау мақсатында еншілес компаниялармен және тартылатын мердігер ұйымдармен есептіліктің ашық жүйесін және тиісті коммуникацияларды қамтамасыз етеді; қадағаланатын ДЗО-ларда өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
12. Негізгі ішкі және сыртқы өзара қатынастарды басқару. Шешімдерді тиімді қабылдау, Компанияның мүдделерін қорғау және Компанияның оң беделін қалыптастыру мақсатында негізгі мүдделі тараптармен өзара қатынастарды құрады және дамытады, Компанияның ішкі құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы серіктестермен және мемлекеттік органдар өкілдерімен серіктестік өзара қатынастар желісін құрады және қолдайды. КМГ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаттарын, параға қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарын таратады.
13. Есеп беретін персоналды басқару. Қадағаланатын бөлімшелердің қызметінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыруға қатысады, оларды мониторингтейді және өзектендіреді, саясаттар мен ережелердің қалыптасуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ есеп беретін персонал мен қадағаланатын ДЗО-ларды КМГ компаниялар тобының дамуындағы стратегиялық басымдықтар туралы уақтылы хабардар етеді; тағайындауларды келіседі, басқарылатын командада қызметкерлердің дамуын және біліктілігін арттыруды, өнімді жұмыс ахуалын қалыптастыруды қамтамасыз етеді; ДЗО деңгейінде өзінің тікелей бағыныштыларының да, функционалдық бағыныштыларының да мақсаттарын айқындайды және нәтижелілігін бағалайды, бұл қызметкерлердің еңбек уәждемесі мен өнімділігін тұрақты арттыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру және қолдау мақсатында.
Басқарушылық тәжірибе:
- кемінде 5 жыл орындаушылар тобына басшылық ету бойынша жұмыс тәжірибесі немесе кемінде 3 жыл КМГ-да тиісті қызмет бейіні бойынша келесі төменгі лауазымда жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар