Персоналды есепке алу бөлімінің бастығы — Адам ресурстарын дамыту басқармасы
Жалақы көрсетілмеген
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- HR саласындағы қолданыстағы үздік тәжірибелерді талдайды және оларды «АЖК» АҚ-да қолдануға ықпал етеді;
- кадр саясатын әзірлеу және іске асыру үшін, HR процестерін енгізу және жетілдіру үшін, HR функциясын интеграциялау үшін жағдайлар жасау үшін жауапты болады;
- еңбек заңнамасына сәйкес Қоғам қызметкерлерін қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару рәсімделуін бақылауды жүзеге асырады; бірыңғай бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарына сәйкес Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрам есебін жүргізуді қамтамасыз етеді, орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- бөлімшенің қызметінің негізгі көрсеткіштері, саясаттар, ережелер және «АЖК» АҚ бизнесін дамытуының стратегиялық басымдықтары бойынша коммуникацияны қалыптастырады және жүзеге асырады; басқару ішінде олардың орындалуын қамтамасыз етеді; персоналды дамытуға ықпал етеді және басқарылатын командада бағыныстыларының мотивация деңгейінің, тартылу деңгейінің және еңбек өнімділігінің тұрақты өсуіне қажетті жағдайларды қалыптастыру және қолдау мақсатында өнімді еңбек ахуалын жасайды. Қажет болған жағдайда өз бөлімінің қызметкерлеріне және «АЖК» АҚ-ның басқа қызметкерлеріне тәлімгер (наставник) рөлін атқарады; білімді команда мүшелеріне үздіксіз беруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өз лауазымы мен өз функциясындағы негізгі рөлдер үшін сабақтастықты жоспарлауға жауап береді;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерді, арыздарды және хаттарды қарастыруға қатысады, түсіндірмелер мен ресми жауаптарды дайындайды;
- еңбек нарығын зерттеу, оқу орындарымен және жұмыспен қамту қызметтерімен тікелей байланыстар орнату, ұқсас бейіндегі кәсіпорындармен байланыстарды ескеру негізінде кадрларға ағымдағы және перспективалық қажеттілікті және оны қанағаттандыру көздерін айқындау бойынша болжамдарды әзірлеуді ұйымдастырады;
- ОУП қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді ұйымдастырады;
- ИСМ талаптарына сәйкес стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- ОУП жұмысы бағыты бойынша есептіліктің уақтылы жасалуын бақылауды жүзеге асырады.
Талаптар:
-
жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, (ең дұрысы HR саласындағы халықаралық сертификаттау, кәсіби оқу бағдарламалары, магистр дәрежесі және/немесе МВА және/немесе басқа бағдарламалар). Жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде HR саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі. [ДОУ: «жалпы стаж» нақты «еңбек өтілі» ме?]
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасы, 08.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін 8 сағаттық жұмыс күні; түскі асқа үзіліс – 1 сағат, 12.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін.