Қауіпсіздік қызметі тобының (объектілерді күзету жөніндегі) басшысы
379 892 - 399 892 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) Серіктестіктің күзетін, қауіпсіздігін және қызметін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау;
2) Серіктестіктің күзеті мен қауіпсіздігін қаммагамсыз етуге қажетті ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
3) Серіктестіктің күзеті мен қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді, сондай-ақ оған экономикалық, қаржылық, материалдық және моральдық зиян келтіруге, оның қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын бұзуға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою;
4)күзет пен қауіпсіздікке қатысты бөлікте тексеруші және бақылаушы мемлекеттік органдардың, Серіктестікпен шарттық қатынастарда тұрған ұйымдардың алдында Серіктестіктің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
5) КҚ (қауіпсіздік қызметі) бастығының нұсқауы бойынша ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі іскерлік ынтымақтастыққа байланысты кездесулер, келіссөздер, кеңестер өткізу кезінде күзет және қауіпсіздік іс-шараларын ұйымдастыру;
6) Серіктестік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда қорғау құралдары мен объектілерді күзету режимінің түрін айқындау;
7) материалдық құндылықтарды тасымалдайтын көлік құралдарының қозғалыс бағдаршарын және оларды жолда сүйемелдеу кезіндегі күзет схемаларын жасау;
8) Серіктестік үй-жайларында және аумағында объектішілік және өту режимдерінің сақталуын ұйымдастыру және бақылау;
9) Серіктестіктің оқшауланған үй-жайлары мен учаскелеріне кіруді шектеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
10) Серіктестік қызметкерлерімен антитеррорлық қызметке байланысты жағдайлардағы өзін-өзі ұстау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
11) Серіктестікке, оның материалдық құндылықтарына және т.б. қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілері бойынша тексеруді ұйымдастыру үшін материалдар жинақтауды жүзеге асыру;
12) жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын ғимараттар мен құрылыстарды кейіннен күзетуді жақсарту мен жеңілдету бөлігінде олардың жобалау және басқа да техникалық құжаттамаларына ұсыныстар енгізу;
13) Серіктестіктің ғимараттарын, үй-жайларын, жабдықтарын, өнімдерін, техникалық құралдарын күзетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
14) КҚ-ның тартылған күзет ұйымдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
15) тартылған күзет ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
16) тартылған күзет ұйымдарының қызметкерлерінен Қазақстан Республикасы ІІД (Ішкі істер департаменті) лицензиялық-рұқсат ету жүйелерінің ережелерін сақтауын, шарттық міндеттемелерге сәйкес Серіктестік басшылығының нұсқаулары мен өкімдерін орындауын талап ету;
17) КҚ басшылығын Серіктестік қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бұзуына әкеп соқтыратын және ықпал ететін себептер мен шарттар туралы хабардар ету;
18) Серіктестік бөлімшелеріне оларға жүктелген міндеттердің күзет пен қауіпсіздікке қатысты бөлігінде орындалуы тұрғысынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
19) алынған материалдар негізінде қызметтік тексерулер қорытындысының жобаларын дайындау;
20) КҚ басшылығына атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсыну;
21) Серіктестік аумақтарында және ғимараттарында өту режимін қамтамасыз ету, Серіктестіктің мүлкі мен материалдық құндылықтарын кіргізуді/шығаруды және тасып кіргізуді/тасып шығаруды бақылау;
22) қызметтің барлық түрлерін өткізу кезінде, соның ішінде іскерлік ынтымақтастыққа байланысты түрлі кездесулерді, келіссөздерді, кеңестерді өткізу кезінде күзет және қауіпсіздік режимін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;
23) Серіктестік объектілерінде өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныстың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
24) күзет қауіпсіздігінің жай-күйі, соның ішінде Серіктестік объектілеріндегі өрт жағдайы туралы ақпаратты үздіксіз жинауды, жинақтауды, талдауды және жағдайды бағалауды қамтамасыз ету;
25) Серіктестік объектілеріндегі штаттан тыс жағдайларға, күзет-өрт дабылы және бақылау құралдары арқылы түсетін дабыл сигналдарына, Серіктестікте жүрген қызметкерлер мен клиенттерге қатысты дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы хабарламаларға әрекет ету;
26) Серіктестік объектілерінен дабыл жүйелері іске қосылған кезде Серіктестіктің және/немесе басқа да күзет ұйымдарының тиісті күштерімен және күзет құралдарымен жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
27) Серіктестік объектілерін заманауи дабыл беру техникалық құралдарымен және бейнебақылау жүйелерімен, озық күзет-өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру үшін ұсыныстар енгізу;
28) Құрылымдық бөлімшеде ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 саласындағы Интеграцияланған Менеджмент Жүйесін енгізуге және жетілдіруге қатысады.
Талаптар:
жоғары немесе арнаулы орта білімінің (құқықтану) болуы. Қызмет бейініне сәйкес кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жылды; құқық қорғау органдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жылды құрауы керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Колледж
Ұқсас вакансиялар
Өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасы өрт қауіпсіздігі қызметі, өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.08.2026 | 16
475 237 - 495 237 KZT
Отын-көлік-2 цехының 2-санатты инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.08.2026 | 46
305 045 - 325 045 KZT
Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі бас менеджері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.08.2026 | 301
594 089 - 614 089 KZT