ПСИХОЛОГ (АУТСТАФФИНГ СЕКТОРЫНА АРНАЛҒАН СЫРТҚЫ КОНКУРС)

от 392 000 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
1866

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1) еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында ұйым қызметкерлерінің еңбек қызметіне өндірістің психологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық факторларының әсерін зерделеу.

2) өндірістік ортаның жұмыскердің жүйке-психикалық кернеуіне әсерімен айқындалатын жұмыскерлердің кәсіптік қабілеттерін дамыту перспективасын ескере отырып, оның жеке еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану шарттарына қатысты ұсынымдар мен кәсіптік бағдарламаларын әзірлеу.

3) психологиялық зерттеулердің нәтижелерін практикаға енгізу жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды, сондай-ақ оңтайлы еңбек процестерін ұйымдастыруға, еңбек пен демалыстың ұтымды режимдерін белгілеуге, моральдық-психологиялық ахуалды, еңбек жағдайларын жақсартуға және адамның жұмысқа қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін әлеуметтік дамуды басқаруды жетілдірудің нақты бағыттары бойынша іс-шараларды дайындау.

      4) ұйым басшыларының өндірісті басқарудың және ұжымның әлеуметтік дамуының әлеуметтік-психологиялық мәселелері бойынша, сондай-ақ кадр және еңбек мәселелерімен айналысатын қызметкерлерге консультациясы ұжымда стрессті жеңу әдістеріне, жанжалдардың профилактикасына, коммуникабельділікке және ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық атмосфераның басқа да параметрлеріне оқытуды ұйымдастырады.

 

Талаптар:

* тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

* санаты жоқ психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.