Тәуекелдерді басқару басқармасының тәуекелдерді басқару және бизнес-процестер бөлімінің жетекші маманы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Қоғамның және оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының (бұдан әрі – ЕББҰ) тәуекелдері бойынша тоқсандық есепті қалыптастыру, оны«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на жолдау, сондай-ақ оны Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қарауына шығару;
Қоғамның және оның ЕББҰ-ның инвестициялық жобаларын, сондай-ақ Қоғамның алқалы және консультативтік-кеңесші органдарының қарауына шығарылатын басқа да материалдарды (Инвестициялық комитет, Активтерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссия және т.б.) тәуекелдердің бар-жоғына қарай қарастыру және қорытындылар беру;
Қоғамның және оның ЕББҰ-ның қаржылық тәуекелдері бойынша тоқсандық есепті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на ұсыну үшін қалыптастыру;
Қоғамның және оның ЕББҰ-ның банктер-контрагенттеріне қатысты баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша шоғырландырылған лимиттердің сақталуын тұрақты негізде мониторингтеу;
Қоғамның банктер-контрагенттеріне қатысты баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша лимиттердің ең жоғары рұқсат етілетін мөлшерін есептеуді жүзеге асыру;
Қоғамның банктер-контрагенттеріне қатысты баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша лимиттерді белгіленген тәртіппен Қоғамның Басқармасының қарауына шығару;
Сақтандыру төлемдерін алу үшін сақтандыру жағдайларын реттеу мақсатында құжаттарды жинау және дайындау;
Қоғамның мүлігін ерікті сақтандыру кезіндегі тәуекелдерді инженерлік бағалау кезінде Қоғамның өндірістік объектілерін қарауды жүргізуді ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу. Инженерлік тәуекелдерді бағалау есебінде баяндалған ұсынымдардың орындалуы бойынша жиынтық ақпаратты дайындау;
Қоғамның мүлкін ерікті сақтандыру үшін Қоғам мүлкінің қалпына келтіру құнын анықтауды жүргізуді ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу;
Басқарма бастығы бекіткен бөлуге сәйкес бизнес-процестердің тәуекелдері мен бақылауларының матрицаларын әзірлеу/өзектендіру;
Бақылау рәсімдерінің тиімділік дизайнына талдау жүргізу және есепті дайындау, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсету (қажет болған жағдайда);
Басқармадағы тәуекел-менеджмент бөлімі қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау, осы тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды/бақылау рәсімдерін әзірлеу және уақтылы іске асыру;
Басқармадағы тәуекел-менеджмент бөлімі қадағалайтын мәселелер бойынша Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектендіру, олардың белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз ету;
Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарына Басқармадағы тәуекел-менеджмент бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету;
Талаптар:
-
тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары білім, тәуекел-менеджер сертификаты по ISO 31000;
тәуекел-менеджмент, бизнес-процестерді басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Шарттар:
Ұқсас вакансиялар
«Қазпошта» АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалының Филиалдармен жұмыс жөніндегі басқарма бас менеджер
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.10.2026 | 145
«КазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалындағы Стандарттар және инновациялар бөлімінің бастығы
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.10.2026 | 438
Жобаларды басқару кеңсесі / Project Management Office (PMO) Жетекші инженері (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.10.2026 | 280