«ҚазТрансОйл» АҚ Оқу орталығы Оқу бөлімінің оқыту инженері (Ақтау қ., «Механика-технологиялық жабдық» бағыты)

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
329

   Конкурс туралы

 

Міндеттері:

1) оқу орталығында Қоғам жұмыскерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың бекітілген жиынтық жылдық жоспар-кестесінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) өзіне бекітілген кәсіп пен мамандық бойынша білімді тексеруге арналған емтихан билеттерін, тест сұрақтарын, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;

3) жұмысшыларды мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысты жүргізу;

4) тыңдаушылардың білімін жүйелі түрде есепке алу, олардың бойында кәсіби сипаттама талаптарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сай кәсіби білім, білік пен дағдыны қалыптастыру; оқу кезеңіне бекітілген топтағы әрбір тыңдаушының Оқу орталығы мен жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, өртке қарсы қорғаныс талаптарын сақтауын қадағалау; сабақ басталмас бұрын бекітілген топ тыңдаушыларына еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама беру;

  1. Қоғам жұмыскерлерін мұнай магистральдық көлігі объектілерінің механикалық-технологиялық жабдықтарының құрылғысы, пайдаланылуы, оларға техникалық күтім көрсету, диагностика жасау және жөндеу бойынша теориялық әрі практикалық тұрғыдан кәсіптік оқу өткізу; олардың бойында қажетті кәсіби білім, білік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру және оларды бағалау;
  2. Қолданыстағы нормативтік талаптарды, өндірістік технологияны, пайдаланылатын жабдықты, қауіпсіздік талаптары мен заманауи оқу әдістерін ескере отырып, бекітілген бағыт бойынша оқу-әдістемелік материалдарды (соның ішінде оқу бағдарламалары мен жоспарларын, практикалық тапсырмалар мен бағалау материалдарын) әзірлеу, жаңарту және жетілдіру;
  3. 7. Әдістемелік кеңестерге қатысу, тыңдаушыларға, сондай-ақ сабақ беруге шақырылған оқытушылар мен нұсқаушыларға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу; озық педагогикалық тәжірибені, өндіріске енгізіліп жатқан жаңа жабдықтарды зерттеп, оларды сабақ барысында тиімді пайдалану;
  4. 8. Өзіне бекітілген кәсіп пен мамандық бойынша оқу-техникалық кабинеттерді жарақтандыру мен безендіру, оқу-көрнекілік құралдарын, макеттерді, сызбалар мен нұсқалықтарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру; оқу-материалдық базаның сақталуын қамтамасыз ету және оны толықтырып отыру;
    9. Белгіленген оқу-өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті оқу-көрнекілік құралдарына, техникалық оқу құралдарына, жабдықтардың макеттері мен қималарына, материалдарға және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарға (ТМҚ) Оқу орталығының жылдық өтінімі бойынша тиісті бөлімін құрастыру;
  5. 10. Оқыту инженердің бір айға арналған оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлау; жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмені күнделікті тексеру (жабдықтарды электр желісінен ажырату, бөлмеде ашық от көздерінің болмауын қадағалау, терезелер мен желкөздерді жабу);
  6. 11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол жүрісі қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария мен гигиена жөніндегі актілерінің талаптарын орындау;
  7. 12. Өз міндеттерін атқару және берілген құқықтарды пайдалану барысында, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты мәлім болған «ҚБПү» (Қызметтік бапта пайдалану үшін) белгісі бар құжаттар мен басқа да құжаттаманың сақталуына, ақпараттың, соның ішінде инсайдерлік ақпараттың (ол жарияланғанға дейін) құпиялылығына жауапты болу.

 

Талаптар:

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім және мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

 

Шарттары:

Зиянды өндірістік факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайы;

5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні;

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын рәсімдеу;

Медициналық сақтандыру;

Кәсіби біліктілікті арттыру және дамыту мүмкіндіктері;

Ұжымдық шартқа сай әлеуметтік пакет;

Кәсіби ұжым;

Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, 130002, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 10-үй.

Қажетті қабілеттер

  • планирования и организации проведения занятий в обучаемых группах
  • использования учебно-методических, дидактических материалов на занятиях
  • сбора, систематизации и анализа информации для применения в учебном процессе
  • разработки учебно-методической документации
  • использования компьютерных технологий, средств коммуникаций и связи
  • владения необходимыми знаниями для работы с программным обеспечением

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)