«ҚазТрансОйл» АҚ Оқу орталығы Оқу бөлімінің оқыту инженері (Ақтау қ., «Мұнайдың сапасын бақылау, есепке алу және тауар-тасымалдау операциялары» бағыты)
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Міндеттері:
1) оқу орталығында Қоғам жұмыскерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың бекітілген жиынтық жылдық жоспар-кестесінің орындалуын қамтамасыз ету;
2) өзіне бекітілген кәсіп пен мамандық бойынша білімді тексеруге арналған емтихан билеттерін, тест сұрақтарын, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;
3) жұмысшыларды мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысты жүргізу;
4) тыңдаушылардың білімін жүйелі түрде есепке алу, олардың бойында кәсіби сипаттама талаптарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сай кәсіби білім, білік пен дағдыны қалыптастыру; оқу кезеңіне бекітілген топтағы әрбір тыңдаушының Оқу орталығы мен жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, өртке қарсы қорғаныс талаптарын сақтауын қадағалау; сабақ басталмас бұрын бекітілген топ тыңдаушыларына еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама беру;
- Қоғам жұмыскерлерін мұнай магистральдық көлігі объектілерінің механикалық-технологиялық жабдықтарының құрылғысы, пайдаланылуы, оларға техникалық күтім көрсету, диагностика жасау және жөндеу бойынша теориялық әрі практикалық тұрғыдан кәсіптік оқу өткізу; олардың бойында қажетті кәсіби білім, білік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру және оларды бағалау;
- Қолданыстағы нормативтік талаптарды, өндірістік технологияны, пайдаланылатын жабдықты, қауіпсіздік талаптары мен заманауи оқу әдістерін ескере отырып, бекітілген бағыт бойынша оқу-әдістемелік материалдарды (соның ішінде оқу бағдарламалары мен жоспарларын, практикалық тапсырмалар мен бағалау материалдарын) әзірлеу, жаңарту және жетілдіру;
- 7. Әдістемелік кеңестерге қатысу, тыңдаушыларға, сондай-ақ сабақ беруге шақырылған оқытушылар мен нұсқаушыларға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу; озық педагогикалық тәжірибені, өндіріске енгізіліп жатқан жаңа жабдықтарды зерттеп, оларды сабақ барысында тиімді пайдалану;
- 8. Өзіне бекітілген кәсіп пен мамандық бойынша оқу-техникалық кабинеттерді жарақтандыру мен безендіру, оқу-көрнекілік құралдарын, макеттерді, сызбалар мен нұсқалықтарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру; оқу-материалдық базаның сақталуын қамтамасыз ету және оны толықтырып отыру;
9. Белгіленген оқу-өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті оқу-көрнекілік құралдарына, техникалық оқу құралдарына, жабдықтардың макеттері мен қималарына, материалдарға және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарға (ТМҚ) Оқу орталығының жылдық өтінімі бойынша тиісті бөлімін құрастыру; - 10. Оқыту инженердің бір айға арналған оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлау; жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмені күнделікті тексеру (жабдықтарды электр желісінен ажырату, бөлмеде ашық от көздерінің болмауын қадағалау, терезелер мен желкөздерді жабу);
- 11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол жүрісі қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария мен гигиена жөніндегі актілерінің талаптарын орындау;
- 12. Өз міндеттерін атқару және берілген құқықтарды пайдалану барысында, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты мәлім болған «ҚБПү» (Қызметтік бапта пайдалану үшін) белгісі бар құжаттар мен басқа да құжаттаманың сақталуына, ақпараттың, соның ішінде инсайдерлік ақпараттың (ол жарияланғанға дейін) құпиялылығына жауапты болу;
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім және мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Шарттары:
Зиянды өндірістік факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайы;
5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні;
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын рәсімдеу;
Медициналық сақтандыру;
Кәсіби біліктілікті арттыру және дамыту мүмкіндіктері;
Ұжымдық шартқа сай әлеуметтік пакет;
Кәсіби ұжым;
Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, 130002, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 10-үй.
Қажетті қабілеттер
- планирования и организации проведения занятий в обучаемых группах
- использования учебно-методических, дидактических материалов на занятиях
- сбора, систематизации и анализа информации для применения в учебном процессе
- разработки учебно-методической документации
- использования компьютерных технологий, средств коммуникаций и связи
- владения необходимыми знаниями для работы с программным обеспечением
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар