«ҚазТрансОйл» АҚ Оқу орталығы Оқу бөлімінің оқыту инженері (Ақтау қ., «Энергетика және электртехникалық жабдық» бағыты)

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
240

   Конкурс туралы

 

Міндеттері:

1) оқу орталығында Қоғам жұмыскерлерін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың бекітілген жиынтық жылдық жоспар-кестесінің орындалуын қамтамасыз ету;

2) өзіне бекітілген кәсіп пен мамандық бойынша білімді тексеруге арналған емтихан билеттерін, тест сұрақтарын, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;

3) жұмысшыларды мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысты жүргізу;

4) тыңдаушылардың білімін жүйелі түрде есепке алу, олардың бойында кәсіби сипаттама талаптарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сай кәсіби білім, білік пен дағдыны қалыптастыру; оқу кезеңіне бекітілген топтағы әрбір тыңдаушының Оқу орталығы мен жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, өртке қарсы қорғаныс талаптарын сақтауын қадағалау; сабақ басталмас бұрын бекітілген топ тыңдаушыларына еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама беру;

  1. 5. Қоғамның электртехникалық қызметкерлерін, соның ішінде қосалқы станциялар мен тарату құрылғыларға қызмет көрсететін электр монтерлерін, электр қондырғылары мен электрхимиялық қорғаныс жүйелерін басқаратын мамандарды, сондай-ақ басқа де электртехникалық кәсіп иелерін бекітілген оқу бағдарламаларына сай теориялық және практикалық тұрғыдан кәсіптік оқу өткізу, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
  2. Әдістемелік кеңестерге қатысу, тыңдаушыларға, сондай-ақ сабақ беруге шақырылған оқытушылар мен нұсқаушыларға арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу; озық педагогикалық тәжірибені, өндіріске енгізіліп жатқан жаңа жабдықтарды зерттеп, оларды сабақ барысында тиімді пайдалану;
  3. Өзіне бекітілген кәсіп пен мамандық бойынша оқу-техникалық кабинеттерді жарақтандыру мен безендіру, оқу-көрнекілік құралдарын, макеттерді, сызбалар мен нұсқалықтарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру; оқу-материалдық базаның сақталуын қамтамасыз ету және оны толықтырып отыру;
    8. Белгіленген оқу-өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті оқу-көрнекілік құралдарына, техникалық оқу құралдарына, жабдықтардың макеттері мен қималарына, материалдарға және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарға (ТМҚ) Оқу орталығының жылдық өтінімі бойынша тиісті бөлімін құрастыру;
  4. Оқыту инженердің бір айға арналған оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлау; жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмені күнделікті тексеру (жабдықтарды электр желісінен ажырату, бөлмеде ашық от көздерінің болмауын қадағалау, терезелер мен желкөздерді жабу);
  5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол жүрісі қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария мен гигиена жөніндегі актілерінің талаптарын орындау;
  6. Өз міндеттерін атқару және берілген құқықтарды пайдалану барысында, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты мәлім болған «ҚБПү» (Қызметтік бапта пайдалану үшін) белгісі бар құжаттар мен басқа да құжаттаманың сақталуына, ақпараттың, соның ішінде инсайдерлік ақпараттың (ол жарияланғанға дейін) құпиялылығына жауапты болу;

 

Талаптар:

1. тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім және мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2. электр қауіпсіздігі бойынша IV топ берілген, білімін тексеруден өткені туралы қолданыстағы куәлігінің болуы тиіс.

 

Шарттары:

Зиянды өндірістік факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайы;

5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні;

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын рәсімдеу;

Медициналық сақтандыру;

Кәсіби біліктілікті арттыру және дамыту мүмкіндіктері;

Ұжымдық шартқа сай әлеуметтік пакет;

Кәсіби ұжым;

Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, 130002, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 10-үй.

Қажетті қабілеттер

  • планирования и организации проведения занятий в обучаемых группах
  • использования учебно-методических, дидактических материалов на занятиях
  • сбора, систематизации и анализа информации для применения в учебном процессе
  • разработки учебно-методической документации
  • использования компьютерных технологий, средств коммуникаций и связи
  • владения необходимыми знаниями для работы с программным обеспечением
  • проведения теоретического и практического обучения электротехнического персонала

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Өндіріс