Құбыржөндеуші (линиялық) СПН «Сай-Утес»
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.Міндеттері:
-
1) құбырларда монтаждық және қалпына келтіру жұмыстарын орындау, құбырдағы тораптарды монтаждау; олардағы орнатылған арматураны демонтаждау, жөндеу және монтаждау;
2) құбырларды центрлеу, диаметрі 200 мм-ден кіші құбырларды иілу, құбыр ұштарын түзету және құбырларды дәнекерлеуге дайындау, құбыр жиектерін тазалау және газбен кесу мен дәнекерлеуден кейін өңдеу, әртүрлі қондырмаларға, бұрмаларға және арматураға арналған белгілеу; эскиздер бойынша арматура мен фасонды бөлшектерді белгілеу және орнату;
3) құбырларды, буындарды, тораптар мен жабдықты тасымалдауға арналған көтергіш-такелаждық жарамдарды орнату; жерді қазып дайындау, құбырды төсеуге арналған траншеяны жоспарлау;
4) орындау: құбыр траншеяларын ашу кезіндегі қосалқы жұмыстар (қатты топырақ жыныстарын механикалық өңдеу), траншеялар мен шұңқырларды кері толтыру; траншеялар мен қазаншұңқырлардың қабырғаларын бекіту кезіндегі ағаш ұсталық жұмыстар (бөренелерді, брусоктарды, тақтайларды өңдеу/шабу); магистральды құбырларды жөндеу кезінде құрылыстарды қолмен жай бояу жұмыстарын орындау, грунттаушы және бояу құрамдарын дайындаумен; салынған магистральды құбырларда күрделі емес сылақ жұмыстарын орындау, сондай-ақ құдықтардың гидрооқшаулауы; муфталардың, құбырлардың бөлшектерін слесарлық өңдеу, бұранданы кесу, тесіктерді бұрғылау; шлифмашиналармен металды абразивті өңдеу;
5) құрылыс құралдарын жөндеу және бекіткіш бөлшектер мен күрделі емес бұйымдарды жасау; муфталардың, құбырлардың бөлшектерін слесарлық өңдеу, бұранданы кесу, тесіктерді бұрғылау; пневматикалық құралмен жұмыс істеу;
6) крандар мен ысырмаларды ашу және жабу; свечалар арқылы ауаны шығару; өтпелерді, захлесттерді, престеу және галтельді муфталарды, катушкаларды, бекіткіш арматураны монтаждау; бекіткіш арматураны орнату және ауыстыру жұмысына қатысу;
7) құбыр беттерін антикоррозиялық оқшаулауды жағуға дайындау; грунттауыш пен битум мастикасын дайындау; құбырларға оқшаулауды жағу; жоғары қысымды бекіткіш және сақтандырғыш арматураға техникалық қызмет көрсету, ревизия және жөндеу, бекіткіш арматураны, тораптарды және құбырдың жеке учаскелерін опрессовкалау, құбыр мен арматурада мұнай мен мұнай өнімдерінің ағуын жою, ысырмалардағы сальниктерді тығындау және тарту; бақылау-өлшеу аспаптарын демонтаждау және орнату; құбыр желісіне сазды тығындарды орнату;
8) қызмет көрсетілетін құбырларды жерүсті патрульдеу, магистральды құбырларды қорғау ережелерінің бұзылуын анықтау; магистральды мұнай құбырындағы және технологиялық құбырлардағы аварияны жою бойынша жұмыстарды орындау, авария орындарын қоршау;
Талаптар:
- Мынадай болуы: құбыржөндеуші (линиялық құбыршы) біліктілік куәлігі
Жағдайлар:
-
Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты кандидаттар болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің кандидаттары қарастырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар