«Қазпошта» АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығының" нормашығарым мәселелері жөніндегі секторының бастығы

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
29

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Сектордың жұмысын ұйымдастыру, міндеттерді бөлу және Сектордың тапсырмаларының орындалуын бақылау;
2. заңнамаға және нормативтік құқықтық актілер жобаларына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
3. құқықтық шолуларды, қорытындыларды, салыстырмалы кестелер мен ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз ету;
4. Қоғамның нормашығармашылық бастамаларын әзірлеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
5. мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, Қоғамның шоғырландырылған ұстанымын қалыптастыру;
6. Секторды кеңестерде және жұмыс топтарында таныстыру;
7. құрылымдық бөлімшелердің бастапқы деректерін, есептеулерін және ұстанымдарын жинау және талдау;
8. Қоғам ұсыныстарының қаралу мәртебесін бақылау;
9. заңнамадағы елеулі өзгерістер және реттеушілік тәуекелдер туралы тікелей басшыны хабардар ету;
10. олқылықтарды, қайшылықтарды және артық реттеушілік талаптарды анықтау, оларды жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
11. еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету;
12. Сектордың құзыреті шегінде Қоғам басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Заңтану мамандығы бойынша жоғары білім.
  • Заң саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл немесе «Қазпошта» АҚ-да төмен тұрған лауазымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
    Астана