Тәуекелдерді басқару және бизнес-процестер басқармасының бастығы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
643

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • 1)    Басқарманың жұмысын жалпы басқару және Басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу;

    2)    СУР бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне және оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарына (бұдан әрі – ЕБҰ) әдістемелік көмек көрсету;

    3)    Қоғамның контрагент-банктеріне баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша лимиттерді белгілеу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, олардың сақталуын мониторингтеу;

    4)    Қоғамның мүлкін сақтандыруды ұйымдастыру және бақылау;

    5)    СВК бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

    6)    СУНД бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

    7)    ИСМ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

    8)    ИСМ құжаттарын басқару процесін ұйымдастыру;

    9)    Қоғамның бизнес-процестерін модельдеу, мониторингтеу және басқару жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

    10)     Қоғамның бизнес-процестерін оңтайландыру жобаларын басқару жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

    11)     Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеу және жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, олардың белгіленген тәртіпте бекітілуін қамтамасыз ету;

    12)     Басқарманың қарауына жататын шығын баптары бойынша бюджет жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

    13)     Қоғамның және оның ЕБҰ-ның инвестициялық жобаларын, сондай-ақ Қоғамның ұжымдық және консультативтік-кеңесші органдарына (Инвестициялық комитет, Активтерді қайта құрылымдау комиссиясы және т.б.) қарауға ұсынылатын басқа да материалдарды, тәуекелдердің бар-жоғын анықтау және қорытындылар беру;

    14)     Басқарманың қызметімен байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау, осы тәуекелдерді басқару бойынша шаралар/бақылау процедураларын әзірлеу және уақтылы жүзеге асыру;

    15)     Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ЕБҰ-мен өзара әрекеттесу;

    16)     Тікелей басшы мен Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • тиісті мамандық бойынша жоғары білім;
  • тәуекелдерді басқару және бизнес-процестер саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі;
  • басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • мұнай-газ саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • келесі сертификаттардың болуы міндетті:
  1. ISO 31001 бойынша тәуекел менеджері сертификаты;
     2. ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 бойынша ішкі аудитор сертификаты.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр