"Қазпочта" АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалы Хатшылық Басшысы

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
145

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Хатшылық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу, олардың лауазымдық міндеттерін орындауын ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
2)Хатшылықтың құзыреті шегінде Қоғамның бірінші басшысының қызметін кешенді ұйымдастырушылық, құжаттамалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3)Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және филиалдарымен, сондай-ақ сыртқы контрагенттермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
4)Хатшылықтың қызметін регламенттейтін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу, өзектендіру және енгізу процестеріне, сондай-ақ тиісті бизнес-процестерді жетілдіруге басшылық жасау;
5)Қоғамның бюджетін жоспарлауға және оның орындалуын бақылауға Қоғамның бірінші басшысының қызметін әкімшілік-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге арналған шығыстар бөлігінде қатысу;
6)Қоғамның бірінші басшысының қатысуымен кеңестерді, жұмыс кездесулерін және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру, оларға қажетті материалдарды жинауды және жүйелеуді қамтамасыз ету;
7)Қоғамның бірінші басшысының қатысуымен кездесулер мен іс-шаралар өткізілген кезде хаттамалық талаптар мен іскерлік әдеп нормаларының сақталуын бақылау;
8)Хатшылықтың құзыреті шегінде кеңестерге, конференцияларға және басқа да іс-шараларға Қоғамның бірінші басшысына арналған талдамалық анықтамаларды, ақпараттық материалдарды, сөз сөйлеу тезистерін және презентацияларды дайындау;
9)Қоғамның бірінші басшысының тапсырмаларын жауапты құрылымдық бөлімшелерге жеткізу, олардың есебін жүргізу;
10)Тапсырмалар мен шешімдердің орындалу мерзімдерінің сақталуына мониторинг жүргізу, олардың орындалу барысы туралы ақпарат сұрату және жауапты орындаушыларға ескертулер жіберу;
11)Құрылымдық бөлімшелердің Қоғамның бірінші басшысының тапсырмалары бойынша материалдарды толық, сапалы және уақтылы ұсынуын бақылау;
12)Тапсырмалар мен шешімдердің орындалу барысы туралы ақпаратты талдау және жинақтау, жиынтық және талдамалық есептілікті дайындау, орындалмаған және мерзімі өткен тапсырмалар мен шешімдер туралы Қоғамның бірінші басшысына ақпарат беру;
13)Қоғамның бірінші басшысының кездесулері мен күн тәртібінің есебін жүргізу;
14)Хатшылықтың құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың сұрау салуларын орындау;
15)Қоғамның бірінші басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттардың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету;
16)Сапасыз әзірленген және тиісінше ресімделмеген материалдарды пысықтауға қайтару;
17)Хатшылық құжаттарының тізілімін жүргізуді, есебін алуды, жүйелендіруді және сақтауды қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіппен архивтік сақтауға тапсыруды қамтамасыз ету;
18)Хатшылықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттардың, қызметтік жазбалардың, анықтамалардың, тізілімдердің, есептердің және өзге де құжаттардың жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
19)Қоғамның бірінші басшысының қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігінде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларға қатысу;
20)Хатшылықтың құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • Жоғары білім бейіні бойынша: экономика және/немесе заңтану және/немесе гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
  • Ұқсас салада және/немесе құқықтану және/немесе құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде «Қазпочта» АҚ-да басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл және/немесе төменгі лауазымда 1 жылдан кем емес.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
    Астана