«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары

от 792 700 KZT
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
313

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары»
 
  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) техникалық шарттарды, мемлекеттік стандарттарды, техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды, табиғат қорғау заңнамасының қағидалары мен талаптарын және салада қолданылатын өзге де де нормалар мен қағидаларды сақтай отырып, Филиалдың көлік құралдары мен жүк көтергіш механизмдерді, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі тиімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді;

2) орталықтандырылған жеткізілімдерге кірмейтін номенклатура бойынша жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспарларын орындау үшін тауарлық-материалдық құндылықтардың жеткізілуін қамтамасыз етеді;

3) жүк көтергіш механизмдердің Мемлекеттік тау-кен қадағалау органдарында куәландырылуын қамтамасыз етеді;

4) қойма шаруашылығының жұмысын бақылауды, материалдық құндылықтарды тиісінше сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауды, оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

5) көлік құралдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

6) өндірістік қызметтер мен бөлімшелерді көлік құралдарымен және құрал-жабдықтармен барынша жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

7) жылдық жоспар-кестеге сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге мердігер ұйымдармен шарттардың уақтылы жасалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

8) материалдар мен жабдықтарды жеткізушілермен шарттардың уақтылы жасалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметтер мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

10) жылдық қажеттілікті қамтамасыз ететін және Филиалдың бағдарламалық міндеттерін орындауға бағытталған сметалық-қаржылық және басқа да есептердің, жабдықтарға, материалдарға арналған жиынтық өтінімдердің уақтылы және сапалы жасалуын бақылайды;

11) жаңғырту бағдарламасы бойынша орталықтандырылған жеткізілімдермен келіп түсетін жүктерді уақтылы кедендік ресімделуі бойынша шаралар қабылдайды;

12) Филиалдың және тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ-ның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік-шаруашылық қызмет бойынша басшылықтың нұсқауларын орындайды;

13) МТЖ және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің, сатып алу тобының, іс жүргізу тобының/маманының, механикаландыру және көлік цехының және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу цехының жұмысына тікелей басшылық жасайды;

14) Филиалға жүктелген міндеттер мен функцияларды негізге ала отырып, осы лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өзге де міндеттерді орындайды;

15) құжаттандырудың бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, құжаттардың орындалуын бақылауды, іс жүргізу процестерін автоматтандыруды, филиал құжаттарының сақталуын, жүйеленуін және оңтайландырылуын қамтамасыз етеді;

16) Компаниядағы белгілі бір тәуекелді және/немесе тәуекелдерді басқаруға жауапты болады, тиісті тәуекелді сәйкестендіруге, бағалауға және басқаруға, іске асқан тәуекелдер туралы ақпарат беруге, сондай-ақ осы қызмет бойынша есептілікті ұсынуға жауап береді;

17) Филиалдың көлік құралдарын спутниктік бақылау жүйесі бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;

18) жүк көтергіш механизмдерді қолдану кезіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша, сондай-ақ техникалық куәландырудың ішінара және толық көлемде сапалы жүргізілуіне және жүк көтергіш механизмдердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге дербес жауапты болады;

19) филиал басшылығына төтенше және елеулі оқиғалар туралы дереу бастапқы жедел хабарлама береді;

20) бағынысты персоналмен болған жазатайым оқиға туралы ақпарат бойынша зардап шеккен адамға жеке баруды қамтамасыз етеді;

21) жетекшілік ететін бөлімшелерде болған оқиғалар мен инциденттерді ішкі тергеу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

22) бағынысты персоналмен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және жол-көлік оқиғаларын болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

23) персоналды жарамды, уақтылы техникалық байқаудан, техникалық куәландырудан өткен көлік құралдарымен және жүк көтергіш механизмдермен қамтамасыз етеді.

 

Талаптар:

Білім деңгейі

жоғары білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Техникалық және/немесе заң және/немесе қаржы-экономикалық

Лауазым бағыты бойынша

жұмыс тәжірибесі

Электр энергетикасы саласында/Шаруашылық қызмет көрсету, көлік құралдарын пайдалану және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

5

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

3

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·         Көлік құралдарын техникалық пайдалану, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, сатып алынатын жабдықтар мен мүкәммалдың стандарттары мен техникалық шарттарын білу;

·         Өндірістік санитария және ғимараттар мен үй-жайларды өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын білу;

·         Жоғары ұйымдастырушылық қабілеттер;

·         Келіссөздер жүргізудің жетік дағдылары (сендіре және ықпал ете білу) және коммуникациялық дағдылар;

·         Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі;

·   тауар-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймаға орналастыру қағидалары, тәртібі мен жұмыс істеуқағидаттарын білу;

·          Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

·          Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

Лицензиялар, сертификаттар

Электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ біліктілік тобының болуы.

Қосымша талаптар

·         MS Office тәжірибелі пайдаланушы;

·          Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

 

Еңбек жағдайлары:

 - Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко к-сі 162/7

 Бос лауазым тұрақты болып табылады.

 Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 2 қыркүйекке дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • - опыт работы на должности руководителя;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)