«Қазпошта» АҚ «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының Іс қағаздарын жүргізу бөлімінің менеджері

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
59

Қаралған саны:
510

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1)құжаттарды құжаттандырудың, олармен жұмысты ұйымдастырудың, құжаттардың орындалуын бақылаудың және құжаттарды ведомстволық архивке тапсыруға дайындаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;
2)Қоғамда іс жүргізу және құжат айналымы нормаларының сақталуын бақылау, электрондық құжат айналымын жетілдіру;
3)орталық аппараттың (бұдан әрі – ОА), «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының (бұдан әрі – ЖҚО), «Qazpost Digital», «Qazpost Cargo» филиалдарының, ДУИ филиалының кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді жүзеге асыру;
4)kazpost@kazpost.kz корпоративтік электрондық поштасына келіп түсетін хат-хабарларға мониторинг жүргізу, электрондық құжаттарды электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі – ЭҚАЖ) тіркеу;
5)бақылаудағы құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізу, олардың орындалу мерзімдерін алып тастау және ұзарту, жұмыс/іс-шаралар жоспарларының, бағдарламалардың, өкімдік құжаттардың тармақтарының орындалуын бақылау;
6)апта сайынғы есептілікті қалыптастыру, аппараттық кеңестерге арналған деректерді енгізу;
7)белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, орталық мемлекеттік органдарға, «Самұрық-Қазына» АҚ-на, заңды және жеке тұлғаларға шығыс хат-хабарларды жеткізуді және беруді қамтамасыз ету;
8)ОА, ЖҚО, «Qazpost Cargo», «Qazpost Digital» филиалдарының негізгі қызмет бойынша өкімдік құжаттарын тіркеуді қамтамасыз ету;
9)құжат айналымы және бақылаудағы құжаттарға мониторинг жүргізу бойынша есептерді дайындау.

Талаптар:

  • Жоғары білім
  • Кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.

    Астана қ.