Вахта емес_ қойма шаруашылығын жоспарлау жөніндегі инженер-экономист (санатсыз, 2 санат, 1 санат) (өтінім 19.08.2026 жылғы №60-02-05/2393 ) - 1 бірлік, Өскемен қ.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Санаты жоқ жоспарлау жөніндегі инженер-экономист үшін Талаптар қойылмайды 2-санатты жоспарлау жөніндегі инженер-экономист үшін Жоспарлау жөніндегі инженер-экономист лауазымындағы немесе экономика саласындағы басқа лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл 1-санатты жоспарлау жөніндегі инженер-экономист үшін Жоспарлау жөніндегі инженер-экономист лауазымындағы немесе экономика саласындағы II санаттан төмен емес басқа лауазымдардағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес

Білім:

Жоғары (экономикалық немесе инженерлік-экономикалық)

Дағдылар:

Санаты жоқ жоспарлау жөніндегі инженер-экономисі Білуі керек: Өндірісті жоспарлау негіздері, экономикалық талдау әдістері, бухгалтерлік есеп, еңбекті ұйымдастыру және төлеу негіздері, ҚР еңбек заңнамасының негіздері, іс жүргізу негіздері, режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысанішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар. 2 және 1 санатты жоспарлау жөніндегі инженер-экономисі Қосымша білуге тиіс: Бөлімше қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау тәртібі; бөлімшеде жоспарлы жұмысты ұйымдастыру; өндірістік-шаруашылық қызметтің перспективалық және жылдық жоспарларын, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу тәртібі; жоспарлы-есепке алу құжаттамасы; тауар өнімінің өзіндік құнын айқындау, материалдық және еңбек шығындарының нормативтерін, көтерме және бөлшек сауда бағаларын әзірлеу тәртібі; кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістері.

Қосымша:

1.4 Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына* 1.5 Негізгі лауазымдық міндеттер 1. Бөлімше қызметінің барынша нәтижелілігіне қол жеткізу мақсатында ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға, өндіріс резервтерін анықтауға және пайдалануға бағытталған экономикалық жоспарлау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. 2. Бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметінің перспективалық, жылдық және жедел жоспарларының жобаларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды. 3. Өнімнің жаңа түрлерін, жаңа техника мен прогрессивті технологияларды игерудің, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың техникалық-экономикалық негіздемесіне қатысады. 4. Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін материалдық және еңбек шығындарының техникалық-экономикалық нормативтерін әзірлеуге қатысады. 5. Келесі іс-шараларды әзірлеуге қатысады: - негізгі қорларды тиімді пайдалану; - өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және еңбек өнімділігін арттыру; - өндіріс шығындарын және өнімді сату шығындарын азайту; - өндірістің тиімділігін арттыру; - пайданы ұлғайту; - шығындар мен өнімсіз шығындарды жою. 6. Бөлімшелер мен бөгде ұйымдар үшін орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілерін жасайды. 7. Орындалатын қызметтерге жоспарлы және нақты калькуляциялар, инвестициялық бағдарлама бойынша анықтамалар жасайды. 8. Бөлімшенің шаруашылық қызметіне кешенді экономикалық талдау жүргізеді, өндіріс резервтерін анықтайды және үнемдеу режимін қамтамасыз ету, «ҮМЗ» АҚ ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын арттыру жөніндегі шараларды белгілейді. 9. Шығарылатын өнімнің өзіндік құнын, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құнын төмендету мүмкіндігін анықтау мақсатында бөлімшенің өндірістік қызметіне талдау жүргізеді. 10. Жоспарлы және есептік құжаттаманы жетілдіруге, шаруашылықішілік жоспарлауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды дайындауға қатысады. 11. Белгіленген мерзімде статистикалық есептілікті жасайды. 12. Жоспарлы көрсеткіштерді бөлімшелерге жеткізеді және олардың орындалуын жүйелі есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады. 13. Ішкі құжаттамаларды басқаруға қатысады (өз құзыреті саласында). 14. Менеджмент жүйесінің аудиттерін дайындауға және өткізуге қатысады (өз құзыреті саласында). 15. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. 16. Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. 17. Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. 18. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. 19. №14.025 ӨҚжЕҚБ БҚ сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. 1.6 Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары 1.7 Жұмыс режимі және демалыс: - 5 күндік жұмыс аптасында 8:00-ден 17:00 дейін демалыс күндері сенбі және жексенбі Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 24 күнтізбелік күн, - ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істегені үшін қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 3 күнтізбелік күн. 1.8 Болжамды еңбек ақы мөлшері: Грейд 11: Санаты жоқ жоспарлау жөніндегі инженер-экономист 251 389 теңгеден бастап 439 680 теңгеде дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 2-санатты жоспарлау жөніндегі инженер-экономист үшін 276 528 теңгеден бастап 483 648 теңгеде дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 1-санатты жоспарлау жөніндегі инженер-экономист үшін 304 180 теңгеден бастап 532 013 теңгеде дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде); * бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру. 1.9 Тағылымдама - белгіленбейді

Білетін тілдер:

-