ҚТЖ ҰК АҚ филиалы - Алматы магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- жұмыскерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауын, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ және ҰҚҚ) дұрыс қолдануын бақылау;
- құрылғылардың, машиналардың, механизмдердің, электр қорғаныс және сақтандыру құралдарының сынақ мерзімдерінің сақталуын бақылау;
- жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етуді бақылау;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу, зардап шеккендердің есебін жүргізу және өндірістік жарақаттану себептерін талдау;
- еңбекті қорғауға жұмсалған қаражаттың игерілуі туралы есептерді жасау, ұйымдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың жалпы жағдайын талдау, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту жоспарларының орындалуы туралы есептілікті дайындау;
- кіріспе нұсқаулық бағдарламаларын әзірлеу, оны жаңадан қабылданған жұмыскерлермен, іссапармен келген персоналмен, сондай-ақ өндірістік оқытуға немесе практикаға келген студенттермен және білім алушылармен өткізу;
- жұмыскерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеру кестелерін жасау, нәтижелердің тиісінше ресімделуін қамтамасыз ету және персоналдың уақтылы оқытылуын бақылау;
- өндірістік қауіпсіздік жағдайын бірлес тексерулерге қатысу, цехтарда, учаскелерде, шеберханаларда ішкі бақылаудың уақтылы жүргізілуін және тексеру нәтижелерінің дұрыс ресімделуін бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Сала бойынша мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрамы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электр техникасы (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржолдар құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет профилі бойынша кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр