"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Кадрлармен жүргізетін жұмыс нәтижелерін зерттеу және қорытындылау, тұрақтамаушылық және басқа еңбек тәртібі бұзушықтары себептерін талдау, анықталған кемшіліктерді жою, кадрларды бекіту бойынша ұсыныстар дайындау, босатылған жұмысшылар мен қызметшілерді жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдау;
Персонал қажеттілігін анықтау, қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің ықтимал көздерін анықтау мақсатында еңбек нарығын зерттейді;
Автоматтандырылған персоналды басқару жүйесіне қызметкерлердің дербес деректерін енгізуді бақылау;
Поездар қозғалысымен байланысты меншік шаруашылығы қызметкерлерімен медициналық тексеруден өту кестелерін әзірлеуге бақылау жүргізу, оның уақытылы пайдалануын қамтамасыз ету, магистральдық желі бөлімшесі кәсіпорындарда медициналық қараудан өтуге бақылауды жүзеге асыру;
Конкурстық іріктеу бойынша бос орындарға қатысу үшін құжаттарды дайындауды бақылайды;
Біліктілікті арттыру бойынша оқу мен семинарға уқытылы жіберуді бақылау;
Персоналды оқытуды ұйымдастыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және іскерлік мансапты дамыту жұмысын үйлестіреді;
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғарғы, мамандығы: «Менеджмент»; «Экономика»; «Психология»; «Филология»; «Педагогикалық мамандықтар (табиғи және қоғамдық ғылым)»; «Теміржол мамандықтары»; «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау»; «Құқықтану»; «Мемлекеттік және жергілікті басқару», кадр қызметінде - 2 жылдан кем емесҚосымша талаптар:
SAP HR, Enbek.kz., Excel, Word, Job.railways. бағдарламаларын толық меңгеруҚажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар