«KTZ Express» АҚ HR департаментің іріктеу және дамыту жөніндегі топтың бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Құзыреті шегінде оқыту, дамыту, кадр резерві, қызметкерлерді тану және персоналды басқарудың өзге де мәселелері бойынша Қоғамның жергілікті актілерін әзірлейді, өзектендіреді және сүйемелдейді;
- Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлерін оқыту мен дамыту қажеттіліктерін айқындайды, сондай-ақ филиалдар мен еншілес ұйымдардың қажеттіліктерін шоғырландыруды және талдауды жүзеге асырады;
- Қоғамның орталық аппараты бойынша "оқыту" бабы бойынша шығыстардың бюджетін қалыптастырады, филиалдар мен еншілес ұйымдардың тиісті бюджеттік материалдарын келіседі және шоғырландырады;
- Оқыту қажеттілігі, бюджет және сатып алу жоспары негізінде Қоғам персоналын оқыту мен дамытудың күнтізбелік жоспарын қалыптастырады және бекітуді ұйымдастырады;
- Өтінімдерді қалыптастыруды, сатып алу материалдарын дайындауды, шарттар мен қаржыландыруды сүйемелдеуді, сондай-ақ орындалған қызметтер бойынша құжаттарды жабуды қоса алғанда, персоналды оқыту және дамыту жөніндегі қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
- Қоғамның орталық аппараты қызметкерлерін оқытуды және кәсіби дамытуды ұйымдастырады, ал филиалдар мен еншілес ұйымдар бойынша ақпаратты үйлестіруді, мониторингтеуді және шоғырландыруды жүзеге асырады;
- Оқыту және дамыту жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асырады, оқыту бойынша есептілікті қалыптастырады және шоғырландырады, нәтижелерді талдайды және материалдарды белгіленген тәртіппен жібереді;
- Өткізілген оқыту іс шараларының тиімділігін бағалауды ұйымдастырады және оқыту мен дамыту бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
- Қоғамның ішкі жергілікті актілерінде көзделген жағдайларда Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлерін, сондай-ақ филиалдар қызметкерлерінің жекелеген санаттарын аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құқықтану; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Психология; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Қоғаммен байланыс; Әлеуметтану; Саясаттану; Персоналды басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар