Кабель сынықтарын, байланыс кабельдік желілерін және телекоммуникациядан есептен шығарылған құралдарды өткізу бөлімінің маманы
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
-
Кабель сынығы, байланыс кабель желілері және есептен шығарылған телекоммуникациялық құралдар бойынша филиалдардан шоғырландырылған ақпаратты жинауды ұйымдастыру.
ВНД сәйкес басқа филиалдардың техникалық, заңгерлік, қаржылық сарапшыларымен өзара іс-қимыл жасау.
Кабель сынығы, байланыс кабель желілері, есептен шығарылған телекоммуникациялық құралдар бойынша Отделдің (кабель сынығын өткізу/утилизациялау) мамандары жүргізген талдаудың негізінде айлық, тоқсандық және жылдық есептілікке белгіленген есепке алу және есеп беру нысандарын дайындау және ұсыну.
Есептердің басшылық белгілеген мерзімділігімен уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету.
Кабель сынығын өткізу/утилизациялау, байланыс кабель желілері, есептен шығарылған телекоммуникациялық құралдар бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсету.
Бөлімнің құзыретіне кіретін жекелеген мәселелер бойынша біржолғы талдаулар жүргізуге және басқа да жұмыстарға қатысу.
ИСМ ОРКЛиССТ құжаттамасын сүйемелдеу, өзгерістер енгізу (лауазымдық нұсқаулықтарға, БиОТ нұсқаулықтарына, Ереже және т.б.).
ИСМ талаптарын орындау, сәйкессіздіктердің себептерін жою мақсатында түзету енгізу және түзетуші іс-шаралар қабылдау.
ДТК-де ИСМ-ді жұмыс күйінде ұстау және жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысу.
КЛС мәселелері бойынша Бұйрықтарды, Өкімдерді, хаттамаларды, хаттарды және басқа да құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.
ДТК және «Қазақтелеком» АҚ-та шығарылатын өкімдердің, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың және т.б. қызметкерлер тарапынан уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
Сатылған КЛС үшін Тапсырыс берушіге (Сатып алушыға) төлем шоттарын ұсыну, ДТК-нің кіріс шотына төлемнің жүзеге асырылуын бақылау.
Кірісті ССТ және байланыс кабель желілерін беру, Авизо бойынша бухгалтерлік жазбалар жүргізу үшін Жалпы қаржылық қызмет көрсету орталығына өтінімдерді қалыптастыру және жолдау.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Бөлімнің құзыреті шегінде ДТК-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Тікелей басшының нұсқауларын, өкімдерін және қосымша тапсырмаларын бұлжытпай орындау.
Өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және әдебиетті өз бетінше оқу арқылы біліктілікті арттыру.
Еңбек қызметі барысында белгілі болған кез келген мәліметтерді (соның ішінде құжаттарды), мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияға қатысты мәліметтерді сақтау.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін сақтау және орындау.
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау.
Талаптар:
-
ОРКЛиССТ маманы стажға талап қойылмайтын орта-арнайы білім немесе орта техникалық және кәсіби білім және телекоммуникация саласында не мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
- Шарттар:
- жұмыс режимі: 08.30-17.30 үзіліс: 13.00-.14.00
- Жұмыс орны: Алматы қ., 2-ші Гончарная көшесі, 145А
Қажетті қабілеттер
- исполнительность, ответственность, коммуникабельность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж