Алматы өңірі бойынша ДПБ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
104

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның филиалдарында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
  • Өндірістік қауіпсіздік саласында заңнама талаптарының, нормативтік құжаттардың және Қоғамның ішкі актілерінің сақталуын ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.
  • Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын құруға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру.
  • Қоғамның филиалдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін және жетілдірілуін бақылау.
  • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуді және есепке алуды ұйымдастыру, тергеу нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау.
  • Кәсіби тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру, анықталған сәйкессіздіктерді жоюды бақылау және тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
  • Филиалдарда ішкі тексерулер жүргізуді ұйымдастыру, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар/тапсырмалар дайындау және олардың орындалуын бақылау.
  • Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талаптарының, сондай-ақ Қоғамның өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша өкімдік құжаттарының орындалуын бақылау.
  • Қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруге қатысу.
  • Қызметкерлердің міндетті медициналық тексерулерін өткізуді ұйымдастыру.
  • Өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру.
  • Қаралатын бағыттар бойынша филиалдардың операциялық бюджетінің қалыптасуын және бекітілген бюджеттің орындалуын бақылау.
  • Қаралатын бағыттар бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтерге уақытылы өтінімдерді қалыптастыруды ұйымдастыру және сатып алу бюджетінің орындалуын бақылау.
  • Ішкі тексерулердің жылдық жоспар-кестесін дайындауды ұйымдастыру және өндірістік қауіпсіздік бойынша белгіленген есептілікті қалыптастыру.

Талаптар:

Жұмыс тәжірибесі: 5 жыл

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша) бейінді немесе техникалық білім.

Шарттар:

ҚР-дағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
ҚР ЕК сәйкес ресми еңбек ресімдеу;
Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
Уақытылы жалақы;
Жақсы әлеуметтік пакет;
Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
Еңбек демалысына материалдық көмек.
Қажетті дағдылар