Стратегияны басқару және тұрақты даму стратегиясы секторының бас маманы — Стратегия және тиімділікті басқару департаменті

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
426

   Конкурс туралы

Білімге қойылатын талаптар:

- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

- Қаржы/ экономика/ бизнес-менеджмент/ мұнай-газ ісі (басқарушылық немесе экономикалық бағыттылықпен)/ инженерлік-техникалық іс/ менеджмент / стратегиялық басқару.

Қосымша (қалаулы): - MBA дәрежесінің болуы немесе менеджмент немесе экономика/ қаржы бойынша магистр дәрежесінің болуы (дұрысы: “дәрежесі” ме, әлде “дәрежесінің болуы” ма?)

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

- ірі және/немесе ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда (қалаулысы – мұнай-газ саласында) және/немесе консалтингтік немесе зерттеу ұйымдарында (McKinsey, BCG, Delloitte, PWC және т.б.) стратегиялық талдау және/немесе корпоративтік немесе операциялық жоспарлау және/немесе бизнес-жоспарлау және/немесе қаржылық талдау және/немесе тиімділікті басқару және/немесе бизнес-аналитика және/немесе макроэкономикалық талдау және/немесе инвестициялық талдау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қалаулы: 

- басқарушы мұнай-газ компаниясының (холдингтің корпоративтік орталығы) стратегиялық, аналитикалық немесе жоспарлы-экономикалық бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі; 

- компания стратегиясын әзірлеу немесе өзектендіру тәжірибесі, қызметтің негізгі көрсеткіштерін (KҚК), тиімділік пен ауытқуларды талдау, стратегиялық сессияларға арналған материалдарды, топ-менеджментке арналған презентацияларды дайындау, 

- пәнаралық өзара іс-қимыл тәжірибесі (қаржы, өндіріс, инвестиция, GR бөлімшелері және т.б.); 

- деректермен және BI-құралдарымен жұмыс тәжірибесі; 

- басшылық пен басқару органдары үшін аналитикалық және басқарушылық есептерді дайындау тәжірибесі; 

Басқарушылық тәжірибе:

- кемінде 2 жыл орындаушылар тобына басшылық ету тәжірибесі немесе тиісті қызмет бейіні бойынша КМГ-де келесі төменгі лауазымда кемінде 2 жыл еңбек өтілі

Міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:

стратегиялық жоспарлау және басқаруды білу: стратегияны әзірлеу, мониторингтеу және түзету қағидаттары;

стратегиялық талдау әдістемесін білу: SWOT, PESTEL;

стратегиялық карталарды құру тәсілдерін, стратегияны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын және т.б. білу;

теңгерімді көрсеткіштер жүйесі (KҚК), стратегиялық бастамалардың тиімділігін бағалау бойынша білім;

негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді (ЖІӨ, инфляция, курс, шикізат индекстері) білу, мұнай-газ және энергетика салаларындағы ағымдағы және перспективалық трендтер, бәсекелестік ортаны және өндіру, өңдеу, тасымалдау, мұнай-газхимия, өткізу және тұрақты даму (ESG) салаларындағы жаһандық үрдістерді талдау, энергетикалық саясат пен декарбонизация негіздері (қалаулы);

қаржы-экономикалық негіздерді білу: инвестициялық талдау негіздері: NPV, IRR, өтелу мерзімі, қаржылық есептілік құрылымы, бюджеттеу және жоспар-факторлық талдау, стратегиялық басымдықтарды ескере отырып бизнес-бастамалар мен жобаларды бағалау әдістері;

корпоративтік басқару қағидаттары мен басқару органдарының рөлін білу;

корпоративтік орталық деңгейінде стратегияны қалыптастыру және қорғау процесін түсіну;

үлкен көлемдегі деректерді жинау, құрылымдау және түсіндіру дағдылары, аналитикалық анықтамалар, болжамдар, даму сценарийлерін дайындау, KҚК және стратегиялық мақсаттардың орындалуын есептеу және талдау, жобаларды басымдыққа қою;

мұнай мен газдың жаһандық және өңірлік нарығы саласындағы білім;

экономикалық зерттеулер жүргізу дағдылары

бір топ компания бойынша бизнес-жоспарлау және инвестицияларды басқару саласындағы білімдер мен дағдылар;

функционалдық бағыт бойынша бизнес-процестер әдістемесін әзірлеу және енгізу дағдылары және іргелес корпоративтік және өндірістік функциялармен тиімді интеграциялау;

басқарудың барлық деңгейлерінде коммуникация жасау, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау дағдылары;

мемлекеттік және орыс тілін меңгеру, ағылшын тілін C1 деңгейінде меңгеру: Advanced

Функционалдық міндеттер:

Бүкіл Компания бойынша стратегиялық жоспарлауды басқару

1.1. КМГ Даму стратегиясын әзірлеу, өзектендіру

1.1.1. ірі мұнай-газ компанияларының, еншілес/тәуелді ұйымдардың есептері негізінде сыртқы және ішкі ортаның негізгі факторларын талдайды (стратегиялық диагностика), PESTEL, SWOT сияқты құралдарды жетекші аналитикалық агенттіктер/ұйымдарды қолдана отырып пайдаланады (Rystad, S&P, OPEC және т.б.);

1.1.2. Жұмыс тобының мүшелерімен, КМГ менеджментімен өткізілетін кеңестердің нәтижесінде Даму стратегиясының Концепциясын қалыптастырады, оның ішінде КМГ қызметінің әрбір блогы, дивизиондар және ДЗО бойынша Миссия, Көрініс, стратегиялық мақсаттар, бастамалар және KҚК қамтылады;

1.1.1. Даму стратегиясының жобасын КМГ-нің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, «Самрук-Қазына» АҚ-мен келіседі;

1.1.2. КМГ Басқармасының қатысуымен Стратегиялық сессияларды ұйымдастырады – талқылау, мақұлдау және келісу үшін; КМГ Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – ДК) қатысуымен – Даму стратегиясын бекіту үшін;

1.1.3. жыл сайын КМГ менеджментімен стратегиялық сессияларда және стратегия бойынша ДК отырысында сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін ескере отырып стратегияның өзектілігіне талдау жүргізеді.

1.2. Даму стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету

1.2.1. Стратегиялық мақсаттардың, бастамалардың және KҚК-ның іске асырылу мәртебесі бойынша КМГ-нің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерінен қаржылық, өндірістік деректерді жарты жылда 1 рет жинайды;

1.2.2. алынған деректерді талдайды және жарты жыл/жыл қорытындысы бойынша Стратегиялық мақсаттардың, бастамалардың және KҚК-ның орындалуын бағалауды есептейді;

1.2.3. КМГ Даму стратегиясын іске асыру туралы жартыжылдық және жылдық есептер бойынша барлық бизнес-бағыттарда презентациялық материал ретінде шоғырландырады және ресімдейді;

1.2.4. есепті кезең үшін Даму стратегиясын іске асыру туралы есептің барлық КМГ құрылымдық бөлімшелерімен келісілуін қамтамасыз етеді;

1.2.5. Правление отырыстарына, Стратегия және портфельді басқару комитетіне (бұдан әрі – СПБК), ДК-ға, сондай-ақ есепті кезеңде КМГ Даму стратегиясын іске асыру туралы есепті қарау мақсатында Правление отырысына арналған орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі толық құжаттар пакетін дайындайды (түсіндірме жазба, шешім жобасы, презентациялық материалдар);

1.3. КМГ стратегиялық картасын әзірлеу

1.3.1. Даму стратегиясын іске асыруды қолдау үшін стратегиялық картаны қалыптастыруға қажетті КМГ-нің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерінен қаржылық, өндірістік және басқа да деректерді жинауды ұйымдастырады;

1.3.2. мүдделі құрылымдық бөлімшелерге мақсаттар, міндеттер, іс-шаралар қою және стратегиялық картада іс-шаралардың аяқталу нысанын айқындау бөлігінде консультация береді;

1.3.3. алынған деректерді шоғырландырады, талдайды және (қажет болған жағдайда) түзетеді және Стратегиялық картаны қалыптастырады – диаграмма түріндегі стратегияның көрнекі бейнесі: онда KҚК стратегиялық мақсаттары интеграцияланады, мақсаттардың бастамаларға декомпозициясы қамтылады, сондай-ақ іске асыру мерзімдері, әсерлері және жауапты тұлғалар көрсетілген іс-шаралар болады, себеп-салдар байланыстарын көрсетеді.

1.4. Макроэкономикалық есепті шығару

1.4.1. ашық дереккөздерден және аналитикалық деректер базаларынан (Rystad, S&P және т.б.) алынған ақпаратты талдау арқылы КМГ-нің дамуы мен қызметіне ықпал тұрғысынан макроэкономикалық ортаны мониторингтейді;

1.4.2. ҚР-дың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша болжамдарды үйлестіреді, жинайды және талдайды;

1.4.3. макроэкономикалық есептің тоқсан сайын қалыптастырылуын қамтамасыз етеді;

макроэкономикалық есептерді корпоративтік пошта жәшігі арқылы жолдауды қамтамасыз етеді strategy@kmg.kz белгіленген мерзімде КМГ ұжымының барлығына.

1.5. Компанияның қызметінің жаңа бағыттарын дамыту концепцияларын әзірлеу

1.5.1. мұнай-газ саласындағы жаңа трендтерді, саланың мейджорларының стратегияларын талдайды және осы трендтердің КМГ үшін қолданылуы мен өзектілігін айқындайды;

1.5.2. КМГ үшін жаңа перспективалы қызмет бағыттары анықталған жағдайда, осы бағытты КМГ-де дамыту мүмкіндігі тұрғысынан ішкі ортаны талдайды;

1.5.3. жаңа(-бірнеше) қызмет бағытын дамыту Концепциясын қалыптастырады (өз бетінше немесе сыртқы консультанттарды тарта отырып);

1.5.4. осы қызмет бағыттарын дамыту/дамытпау туралы ДК тарапынан мақұлдау және шешім алу үшін КМГ менеджментімен және ДК-мен стратегиялық сессиялар өткізеді.

1.6. Ақпараттық-аналитикалық жұмыс жүргізу

1.6.1. жетекші халықаралық және ұлттық мұнай-газ компанияларының, әлемдік трендтердің, тәуекелдердің қызметін талдайды;

1.6.2. мұнай-газ саласындағы халықаралық тәжірибе мен практикаларды зерттейді;

1.6.3. халықаралық және ұлттық мұнай-газ компанияларының жылдық есептерін талдайды

1.6.4. аналитикалық агенттіктер/ұйымдардың (Rystad, S&P, OPEC және т.б.) деректері және ашық дереккөздер негізінде КМГ басшылығы үшін бенчмаркингтік есептерді, презентациялық материалдарды, баяндамаларды қалыптастырады;

1.6.5. аналитикалық есептерді, мақалаларды, болжамдарды корпоративтік пошта жәшігі арқылы жолдайды strategy@kmg.kz белгіленген мерзімде КМГ ұжымының барлығына;

1.6.6. аналитикалық ұйымдар өкілдерінің басшылықпен, ДК-мен, КМГ-нің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және ДЗО-мен кездесулерін ұйымдастырады;

мұнай-газ саласындағы ең өзекті мәселелер мен трендтер бойынша халықаралық аналитиктермен КМГ және ДЗО ұжымы үшін тоқсан сайын вебинарлар өткізеді.

1.7. Инвестициялық жобаларды талдау

1.7.1. инвестициялық жобаларды олардың КМГ Даму стратегиясына және Стратегиялық картаға сәйкестігі тұрғысынан талдайды;

құзырет шеңберінде инвестициялық жобалардың КМГ Даму стратегиясына ықпалын бағалау бойынша бас маманмен (стратегиялық модельдеу бойынша) бірлесіп сараптамалық қорытынды береді.

1.8. Сектор қызметін үйлестіру

1.8.1. сектордың стратегия бойынша тиімді жұмысын жалпы басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, оған қойылған міндеттердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді;

1.8.2. КМГ-нің стратегиялық дамуы мәселелері бойынша жоғары басшылыққа (Басқарма төрағасы және Басқарма төрағасының орынбасарлары) арналған баяндамалар/презентациялық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

1.8.3. сектордың құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының акционерлерінің және мемлекеттік органдардың жекелеген сұраулары бойынша ақпаратты дайындауды қамтамасыз етеді;

1.8.4. стратегиялық даму мәселелері бойынша «Самрук-Қазына» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды;

1.8.5. КМГ тобы қызметкерлерін ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттармен, бастамалармен және KҚК-мен, сондай-ақ оларды іске асыру жолдарымен таныстыру, әрі қарай Даму стратегиясы шеңберінде ағымдағы мәселелерді, сценарийлерді және баламалы ұсыныстарды қарау және талқылау мақсатында Корпоративтік орталықта және КМГ ДЗО-да Ақпараттық сессияларды ұйымдастырады;

1.8.6. сектордың құзыретіне жататын КМГ бұйрықтарының, сондай-ақ КМГ басшылығының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;

1.8.7. (белгіленген тәртіппен) сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комитеттердің, комиссиялардың, жұмыс топтарының, кеңестердің жұмысына қатысады;

1.8.8. сектордың құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

1.8.9. сектордың құзыреті шеңберінде БАҚ-та КМГ-нің негізгі оқиғалары туралы жарияланымдарды келіседі;

сектор бюджетіне сәйкес қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

1.9. Процесті әдістемелік қамтамасыз ету

1.9.1. КМГ стратегиясын басқару процесіне қатысушылардың тәртібі мен жауапкершілігін айқындайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді;

1.9.2. Компанияның тиісті құжаттарындағы өзгерістерді ескере отырып, КМГ стратегиясын басқару процесіне қатысушылардың тәртібі мен жауапкершілігін айқындайтын ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіреді (мәтінде “1.9.2..” қос нүкте бар)

стратегиялық жоспарлау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз етеді.

1.10. ДЗО еншілес және тәуелді ұйымдарының стратегияларын/даму жоспарларын келісу

1.10.1. ДЗО-ның ұсынылған стратегияларын/даму жоспарларын КМГ стратегиясына сәйкестігі тұрғысынан талдайды;

1.10.2. ДЗО-ның стратегиялары/даму жоспарлары бойынша ұсынылған мақсаттардың, міндеттердің және негізгі көрсеткіштердің негізділігі мен мақсаттылығын талдайды; 1.10.3. ДЗО-ның стратегиялары/даму жоспарларының жобаларына ұсыныстар мен түзетулер енгізеді.

ДЗО стратегияларын/даму жоспарларын іске асыру бойынша стратегиялық карталар мен іс-шаралар жоспарларын пысықтау:

1.10.4 ДЗО ұсынған стратегиялық карталар мен іс-шаралар жоспарларының жобаларын олардың КМГ стратегиялық құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан талдайды;

1.10.5 ДЗО-ның стратегиялық карталарында және іс-шаралар жоспарларында әлсіз тұстарды, тәуекелдерді және мүмкін болатын жақсартуларды анықтайды; 1.10.6. ДЗО-ға стратегиялық карталар мен іс-шаралар жоспарларын пысықтау мәселелері бойынша консультация береді.

ДЗО стратегиясын/даму жоспарларын іске асыру туралы есептерді мониторингтеу және келісу

1.11. ДЗО-ның бекітілген стратегияларын/даму жоспарларын іске асыру бойынша есептерін талдайды;

1.11.1.. стратегияларды/даму бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды салыстырып тексереді;

1.11.2. жоспарлардан ауытқулар болған жағдайда түзетуші шаралар бойынша ұсыныстар қалыптастырады

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау:

2. тәуекелдің орын алуына әкелуі мүмкін тәуекел факторларын басқарады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды;

2.1. тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету бойынша іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді;

2.2. кез келген жасалған немесе мүмкін қателер/кемшіліктер туралы, олардың әлеуетті залалдарға әкелгенін немесе әкелуі мүмкін екенін, әлеуетті және жүзеге асырылған тәуекелдік оқиғалар туралы жауапты бөлімшені (СУРиВК), өзінің тікелей басшысын ішкі құжаттарда белгіленген тәртіп пен мерзімдерде уақтылы хабардар етеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)