«Бухгалтерлік және салық есебі» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
1437

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық құжаттардың талаптарына, компанияның есеп саясатына және оның регламенттік құжаттарына сәйкес бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары негізінде Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ету;

2) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігін орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде жасауды жүзеге асыруға және оны жоғары тұрған ұйымға, инвесторлар мен аудиторларға ұсыну;

3) Еншілес тәуелді ұйымдар бухгалтерлерінің қаржылық есептілікті жасауының дұрыстығы мен уақтылығын талдау;

4) «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғам тобының еншілес компаниялары бекіткен қаржылық есептілік пакеті нысандарының дұрыс толтырылуын тексеру;

5) Аудиторлық есеппен расталған ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есептілік пакетін қаржылық есептілікпен салыстырып тексеруді жүзеге асыру;

6) Топтың еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарына қаржылық есептілік пакетін толтыру бойынша әдістемелік көмек көрсету;

7) Қаржылық есептілікті шоғырландырудың барлық рәсімдерін сапалы орындау;

8) Сатуға арналған және тоқтатылған қызметтен түсетін айналымнан тыс активтердің есебін жүргізу;

9) Дебиторлық берешектің пайда болу мерзімдері бойынша оның резервін есепке алу себеттерін қалыптастыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеуді жүргізу мақсатында оны өтеу мерзімдері бойынша дебиторлық берешекке талдауды уақтылы жүргізу;

10) Бас компания тобы ауқымында жаңа халықаралық стандарттардың әдіснамасын қалыптастыруға, сондай - ақ оларды «Самұрық-Энерго»АҚ тобында қолдануға қатысу;

11) Топқа халықаралық стандарттардың жаңа енгізілімдері және оларды барлық құрылымдық бөлімшелерде бухгалтерлік есепке енгізу мәселелеріне қатысты нұсқама беру;

12) «Жалдау» ХҚЕС 16 стандартының енгізілуіне байланысты пайдалану, дисконтты және оның амортизациясын есепке алу, сондай-ақ Топтың міндеттемелерін есепке алу құқығындағы активті тиісінше қалыптастыру мақсатында топтың жалдау жөніндегі шарттарына талдау жүргізу. 16 ХҚЕС компоненттерін есепке алу саласында Топтың құрылымдық бөлімшелеріне нұсқау беру, стандарт компоненттерінің тиісті бухгалтерлік есебіне бақылау жүргізу.

13) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұрақты жаңартылып отырылуына байланысты корпоративтік есеп саясатының өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

14) Шоғырландыру жүйесін әзірлеуге, шоғырландыруға және оны тестілеуге қатысу;

15) Резервтерді, шартты активтерді және шартты міндеттемелерді есепке алуды жүзеге асыру;

16) Сыртқы аудитті жүргізу үшін қажетті ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;

17) Басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да пайдаланушыларды бухгалтерлік есептілікпен салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік және басқарушылық ақпаратпен және Компания бойынша есептілікпен қамтамасыз ету;

18) Трансформациялау бағдарламасы аясында бухгалтерлік есептің нысаналы моделінің процестерін іске асыруға қатысу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Жоғары кәсіби білім (бухгалтерлік, қаржылық немесе экономикалық)
Кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы.
АССА кәсіби сертификатының болуы (Association of Chartered Certified Accountants)
Компанияның бухгалтерлік және салық есебін жүргізу дағдылары
Бухгалтерлік және салық есебін реттеітн  ХҚЕС стандарттары және ҚР нормативтік құжаттарын білу
Үлкен өгдірістік және холдингтік компанияларда жеке және шоғырландырылған қаржы  есептерін құрастыру тәжірибесінің болуы
Салық органдары мен сыртқы аудиторлармен өзара әрекеттесу тәжірибесі
Big 4 аудиторлық компанияларда Аудитор ретінде жұмыс тәжірибесінің болуғаны дұрыс

Қажетті қабілеттер

  • Опыт ведения бухгалтерского и налогового учета компании.
  • Знание стандартов МСФО и нормативных документов РК, регулирующих бухгалтерский и налоговый учет.
  • Опыт взаимодействия с налоговыми органами, внешними аудиторами.

Ұқсас вакансиялар

Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации»
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы Астана қаласын басқару жүйесі бөлімінің бас маманы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
04.05.2024 |  319
от 282820
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации»
Бас менеджер 17 грейд "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы"филиалының басқарушылық есептілік жүйелерін дамыту департаменті Қаржылық есеп және негізгі деректерді басқару жүйелерін дамыту жөніндегі функционалдық бағыт
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
04.05.2024 |  492
от 497437
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" (НОД-1) филиалының Астана пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-11) Бухгалтерлік есеп бөлімінің 1 санатты бухгалтері
ТЧЭ-11 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
04.05.2024 |  76
284872 - 298474