Ақпараттық технологиялар департаментінің корпоративтік Data Science және AI шешімдерін әзірлеу және енгізу жөніндегі бас менеджері (аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.Міндеттері:
-
Data Science және жасанды интеллект саласындағы корпоративтік шешімдерді, оның ішінде жіктеу жүйелерін, болжамды модельдерді және генеративті жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету;
-
бизнес-міндеттерді шешуге арналған аналитикалық және машиналық оқыту модельдерін әзірлеу, оларды валидациялау және өнеркәсіптік пайдаланудағы сапасын мониторингтеу;
-
әртүрлі дереккөздерден алынған деректерді дайындау, өңдеу және талдау, деректер сапасын (Data Quality) және деректер ағындарының қадағалануын (Data Lineage) бақылауды қамтамасыз ету;
-
DAMA қағидаттарына сәйкес деректер архитектурасын, DWH және Data Lake архитектурасын жобалауға және аудит жүргізуге, оның ішінде тұжырымдамалық архитектураны әзірлеуге қатысу;
-
AI-шешімдерді корпоративтік ақпараттық жүйелермен, оның ішінде деректер алмасу және комплаенс-бақылау бойынша B2G платформаларымен интеграциялауды қамтамасыз ету;
-
RPA платформалары мен low-code құралдары негізінде күнделікті қайталанатын бизнес-процестерді автоматтандыру шешімдерін жобалау және енгізу;
-
BI құралдары мен интерактивті дашбордтарды пайдалана отырып, аналитикалық есептілік пен деректерді визуализациялауды әзірлеу;
-
техникалық құжаттаманы, техникалық тапсырмаларды және архитектуралық шешімдерді дайындауға қатысу;
-
бизнес-бөлімшелер мен басшылыққа жасанды интеллект технологияларын және data-driven тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету;
-
IT-шарттарды, оның ішінде тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету, лицензиялау, SaaS, бұлтты шешімдер және т.б. шарттарын жүргізу;
-
контрагенттермен және ішкі құрылымдық бөлімшелермен, оның ішінде халықаралық технологиялық серіктестермен шарттардың талаптарын келісу;
-
шарттар мен келісімдер талаптарының орындалуын талдау және бақылау;
-
тәуекелдерді бағалау және IT-бастамалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
-
IT департаментінің қызметін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына (ІНҚ) сәйкестендіру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындау;
-
«Самұрық-Қазына» қорынан және мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттарды, сұрау салуларды және хабарламаларды тексеру;
-
келіп түскен хаттар мен сұрау салуларға IT бағыты бойынша жауаптар мен түсіндірмелер дайындау;
-
бизнес-шешімдерді қабылдауды қолдау және құнды ақпарат ұсыну мақсатында деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру;
-
Қоғамның ақпараттық технологиялар бойынша бизнес-жоспарының (бюджетінің) және сатып алу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау, тиімсіз шығындарды анықтау және қаржылық ағындардың ашықтығын арттыру;
-
IT тәуекелдерін әзірлеуге және басқаруға, IT аудитін жүргізуге қатысу;
-
деректерді және жасанды интеллектіні басқару бөлігінде Қоғамның нормативтік құжаттарын әзірлеу;
-
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағаларына талдау жүргізу;
-
бекітілген бюджет шеңберінде департаменттің қажеттіліктерін Қоғамның сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді қалыптастыру және ұсыну;
-
сатып алу жеңімпазымен белгіленген мерзімдерде шарт жасасуды қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Білімі: Ақпараттық технологиялар, қолданбалы математика, деректерді талдау, инженерлік ғылымдар немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім.
- Data Science, Machine Learning, жасанды интеллект, деректерді басқару немесе деректер архитектурасы салаларында кәсіби сертификаттардың болуы.
Маманға қойылатын талаптар:
-
деректерді талдау, статистика, машиналық оқыту және жасанды интеллект технологияларының, оның ішінде генеративті AI (LLM, RAG) әдістерін білу;
-
DAMA DMBOK әдіснамасына сәйкес DWH, Data Lake және Data Governance құру қағидаттарын түсіну;
-
корпоративтік деректер архитектурасын жобалау және аудит жүргізу тәжірибесінің болуы, оның ішінде деректер сапасын, сквоздық (end-to-end) ағындарды талдау және деректерді басқарудағы алшақтықтарды анықтау;
-
аналитикалық шешімдерді корпоративтік ақпараттық жүйелермен, оның ішінде B2G, B2C, B2B платформаларымен интеграциялау тәжірибесінің болуы;
-
бизнес талаптарын техникалық шешімдерге айналдыру және оларды басшылық пен мүдделі тараптар алдында негіздей білу;
-
бизнес-процестерді автоматтандыру шешімдерін (RPA, BPMN, интеллектуалды автоматтандыру) енгізу тәжірибесінің болуы;
-
ірі ұйымдарда цифрлық трансформация және data-driven бастамалар жобаларын іске асыру тәжірибесінің болуы;
-
деректерді және AI басқару саласында техникалық құжаттаманы, техникалық тапсырмаларды және нормативтік құжаттарды дайындау дағдыларының болуы;
-
кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Техникалық және кәсіби дағдылар:
-
үлкен көлемдегі деректерді өңдеу, тазалау және агрегаттау үшін Python (Pandas, NumPy, Scikit-learn) немесе .NET (C#, VB) тілдерінде бағдарламалау;
-
болжамды модельдерді (регрессия, жіктеу, кластерлеу, болжам жасау) әзірлеу, оқыту және валидациялау;
-
ДҚБЖ-дан деректерді түрлендіру және шығару үшін күрделі SQL-сұрауларын (аналитикалық функциялар, JOIN оңтайландыру, ішкі сұраулар) жазу;
-
деректер мен бизнес-метрикаларды визуализациялау: Plotly, Matplotlib, Tableau, Power BI;
-
корпоративтік RPA платформаларымен (Blue Prism, UiPath немесе аналогтары) және процестерді оркестрациялауға арналған low-code құралдарымен (Power Platform, n8n) жұмыс істеу;
-
LLM фреймворктерімен (LangChain, Ollama, HuggingFace) практикалық жұмыс тәжірибесі, RAG-пайплайндарын құру және модельдерді API/MCP арқылы интеграциялау;
-
IT-жобаларды басқару (Agile, PMO), кросс-функционалды командаларды үйлестіру және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау;
-
BPMN нотациясында бизнес-процестерді модельдеу, сквоздық процестер картасын құру.
Жұмыс шарттары:
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау;
-
сынақ мерзімі — 3 ай;
-
бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері — сенбі және жексенбі.
Ұқсас вакансиялар