«Жолаушылар тасымалы» АҚ Заң департаментінің ф.б. шағым-талап жұмысы және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғам қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтарын қорғауды және соттарда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарында және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген құқықтар мен өкілеттіктерді пайдалана отырып, Қоғамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- өндіріп алушы және борышкер ретінде Қоғамның құқықтары мен мүдделерін қорғайды, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде заңнамада көзделген шараларды қабылдайды, әрекеттерге (әрекетсіздікке) сот тәртібімен, сондай-ақ жоғары тұрған сатыларға шағымданады;
- құқық қорғау органдары мен прокуратура органдарының сауалдарына заңдық түсіндірмелер, қорытындылар, жауаптар әзірлейді және ұсынады;
- меншік нысанына қарамастан, атқару парақтары бойынша қозғалған атқарушылық ic жүргізулерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының атқарушылық ic жүргізу туралы заңнамасында берілген құқықтар мен өкілеттіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарында Қоғамның құқықтарын қорғауды және мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді;
- азаматтық, әкімшілік істерді қарау кезінде меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарында, қылмыстық қудалау істерінде, оның ішінде Қоғамның іс жүргізу мәртебесіне (жәбірленуші мәртебесін қоспағанда) сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында берілген құқықтар мен өкілеттіктерді пайдалана отырып, Қоғамның құқықтарын қорғауды және мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді;
- сотқа дейінгі шағымдар мен талаптарды дайындау және ұсыну мақсатында Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған, оның ішінде дебиторлық берешек жөніндегі материалдарды талдайды;
- Қоғамның дебиторлық және кредиторлық берешегі мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды және оларға жауаптарды уақтылы дайындайды;
- жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың қоғам қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарайды және оларға жауаптар дайындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Юриспруденция; Халықаралық құқық; Құқықтану; Құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар