«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің 1 санатты еңбек экономисі

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
651

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Басқарма мен оның бөлімшелерінің еңбек және жалақы бойынша перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
  2. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды ескере отырып, еңбекақы төлеу қоры мен жұмыскерлер санын есептеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, Басқарма жұмыскерлерінің персонал санаттары мен біліктілік санаттары бойынша дұрыс арақатынасын, сондай-ақ олардың еңбегін нормалауды қамтамасыз ету;
  3. Еңбекақы төлеудің қолданыстағы нысандары мен жүйелерін қолданудың тиімділігін зерттеу, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  4. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу, жұмыскерлердің орташа тізімдік санын категориялар бойынша ай сайын есептеу;
  5. Жұмыс уақытын есепке алу табельдерін тексеру;
  6. Штаттық тәртіптің, еңбекақы қоры лимитінің сақталуын, кәсіптер мен лауазымдар атауларының дұрыс белгіленуін, жұмыстардың тарификациялануын, еңбек және демалыс режимдерінің сақталуын, демалыстардың, жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асыру;
  7. Өндірістік бөлімшелердегі жұмыс уақыты шығындарының себептерін талдау, жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту және оның шығындарын азайту бойынша іс-шараларды әзірлеу;
  8. 1-Т, №2-Т және басқа да нысандар бойынша статистикалық есептілікті жасау, қажетті есептеулерді орындау;
  9. Қосымша цехтардың қызметтеріне сметалық калькуляцияны (тарифтер мен бағаларды) уақтылы жасауды қамтамасыз ету;
  10. Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есепке алу және талдау, еңбекақы төлеу шығындарын айқындап жазу;
  11. ЅАР деректері бойынша еңбекақы төлеу қорын және оның баптарын құру және талдау;
  12. Қызметкерлердің жалақысын, сыйлықақыларын есептеудің дұрыстығын және еңбекақы төлеу қағидаларының сақталуын бақылау;
  13. Еңбек, жалақы және жұмысшылар саны бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау;
  14. Еңбекті нормалау жағдайын талдау, жұмыс уақытының хронометражын жүргізу және фотоға түсіру;
  15. Басқарма қызметкерлерінің ауысым кестесін қалыптастыру;
  16. Еңбек және жалақы жоспарларын әзірлеу және қалыптастыруға қатысу.


Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары экономикалық / қаржылық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасын білу;
  3. Еңбек экономикасын, еңбекақы төлеудің, материалдық ынталандырудың нысандары мен жүйелерін білу;
  4. Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есепке алу және талдау әдістерін білу;
  5. Еңбек және жалақы, еңбек өнімділігі бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін білу;
  6. Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтарының негіздерін білу;
  7. Жұмысшылар, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
  8. Жұмысшылардың жұмысын тарифтеу және лауазымдық айлықақыларды, сондай-ақ еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес басқа да төлемдерді белгілеу тәртібін білу.

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі.

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Құлсары қ.
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру