«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің 1 санатты еңбек экономисі
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Басқарма мен оның бөлімшелерінің еңбек және жалақы бойынша перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды ескере отырып, еңбекақы төлеу қоры мен жұмыскерлер санын есептеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, Басқарма жұмыскерлерінің персонал санаттары мен біліктілік санаттары бойынша дұрыс арақатынасын, сондай-ақ олардың еңбегін нормалауды қамтамасыз ету;
- Еңбекақы төлеудің қолданыстағы нысандары мен жүйелерін қолданудың тиімділігін зерттеу, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу, жұмыскерлердің орташа тізімдік санын категориялар бойынша ай сайын есептеу;
- Жұмыс уақытын есепке алу табельдерін тексеру;
- Штаттық тәртіптің, еңбекақы қоры лимитінің сақталуын, кәсіптер мен лауазымдар атауларының дұрыс белгіленуін, жұмыстардың тарификациялануын, еңбек және демалыс режимдерінің сақталуын, демалыстардың, жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асыру;
- Өндірістік бөлімшелердегі жұмыс уақыты шығындарының себептерін талдау, жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту және оның шығындарын азайту бойынша іс-шараларды әзірлеу;
- 1-Т, №2-Т және басқа да нысандар бойынша статистикалық есептілікті жасау, қажетті есептеулерді орындау;
- Қосымша цехтардың қызметтеріне сметалық калькуляцияны (тарифтер мен бағаларды) уақтылы жасауды қамтамасыз ету;
- Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есепке алу және талдау, еңбекақы төлеу шығындарын айқындап жазу;
- ЅАР деректері бойынша еңбекақы төлеу қорын және оның баптарын құру және талдау;
- Қызметкерлердің жалақысын, сыйлықақыларын есептеудің дұрыстығын және еңбекақы төлеу қағидаларының сақталуын бақылау;
- Еңбек, жалақы және жұмысшылар саны бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау;
- Еңбекті нормалау жағдайын талдау, жұмыс уақытының хронометражын жүргізу және фотоға түсіру;
- Басқарма қызметкерлерінің ауысым кестесін қалыптастыру;
- Еңбек және жалақы жоспарларын әзірлеу және қалыптастыруға қатысу.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары экономикалық / қаржылық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасын білу;
- Еңбек экономикасын, еңбекақы төлеудің, материалдық ынталандырудың нысандары мен жүйелерін білу;
- Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есепке алу және талдау әдістерін білу;
- Еңбек және жалақы, еңбек өнімділігі бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін білу;
- Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтарының негіздерін білу;
- Жұмысшылар, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
- Жұмысшылардың жұмысын тарифтеу және лауазымдық айлықақыларды, сондай-ақ еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес басқа да төлемдерді белгілеу тәртібін білу.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Құлсары қ.
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар
Қаржы департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.09.2026 | 212
Не_вахта санатсыз жоспарлау жөніндегі инженер-экономист/сервистік орталықтың экономика және персоналды басқару жөніндегі топтың 2 - санаты (13.02.2026 ж. № 48-12-10/599-1 бірлік) Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
30.09.2026 | 1899
«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС ұйымдастыру-бақылау қызметінің бас менеджері (16 грейд)
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
29.09.2026 | 373
от 561 449