Геология менеджері / Геология департаменті

«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
249

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Маршруттық зерттеулер жүргізу кезінде:
  • маршруттық зерттеулер жүргізілетін жобалық орындарды анықтайды және қажет болған жағдайда түзетеді; 
  • іріктеу сынамаларының алынуын және «Сынамалау журналының» толтырылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • үлгілерді іріктеу және «Үлгілер журналының» толтырылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • бақылау нүктелерін сипаттайды және «Далалық кітапшаны» толтырады;
  • далалық материалдарға бастапқы өңдеуді жүргізеді және геологиялық мазмұн карталарын құрастырады.
  • Ұңғымаларды бұрғылау геологиялық сүйемелдеуі кезінде:
  • жергілікті жерде жобалық ұңғымалардың орналасуын анықтайды және қажет болған жағдайда түзетеді; 
  • ұңғыманың салынуын және ұңғыманы салу туралы актіні ресімдеуді бақылайды;
  • кернді сипаттауды, керн бойынша құжаттаманы ресімдеуді және «Геологиялық құжаттама журналының» толтырылуын бақылайды;
  • сынамалау интервалдарын анықтауды, сынамаларды іріктеуді және «Сынамалау журналының» толтырылуын бақылайды.
  • Жер үсті тау-кен қазбаларын бұрғылау/қазу геологиялық сүйемелдеуі кезінде:
  • жергілікті жерде тау-кен қазбаларының жобалық орналасуын анықтайды және қажет болған жағдайда түзетеді;
  • тау-кен қазбаларының салынуын және «салу туралы актіні» ресімдеуді бақылайды;
  • тау-кен қазбалары бойынша құжаттаманы және «Құжаттама журналының» толтырылуын бақылайды;
  • сынамалау интервалдарын анықтауды, сынамаларды іріктеуді және «Сынамалау журналының» толтырылуын бақылайды.
  • QA/QC (сапаны қамтамасыз ету және бақылау) стандарттарына сәйкес сынамалар іріктеуді және сынама дайындауды жүзеге асырады.
  • Камералдық өңдеу кезінде:
  • далалық материалдарды компьютерлік өңдеуді орындайды, оның ішінде тау-кен қазбаларының дерекқорларын толтыру, геологиялық бағаналарды құрастыру, геологиялық материалдарды цифрландыру және т.б.;
  • ақпараттық геологиялық есептердің, сондай-ақ болжамды ресурстарды бағалау туралы есептердің жасалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
  • геологиялық материалдарға талдау және жинақтау жүргізеді;
  • пайдалы қазбалар қорын есептеуге қатысады.
  • Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу:
  • геологиялық барлау жұмыстары бойынша бағдарламаны қалыптастыру;
  • учаскелер бойынша физикалық көлемдер мен жұмыстар түрлерін есептеу;
  • жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
  • Геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде алынатын геологиялық материалдарға талдау:
  • геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде алынатын геологиялық материалдарды мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде өңдейді, жинақтайды және талдайды;
  • қорлық және басқа да есептер/материалдарға талдау.
  • Геологиялық барлау жұмыстарын орындау, бақылау және мониторинг: 
  • геохимиялық, геофизикалық, геологиялық және басқа да геологиялық сипаттағы жұмыстарды жүргізу кезінде далалық және камералдық жағдайларда геологиялық зерттеулер жүргізеді;
  • геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде алынатын геологиялық материалдарды өңдейді, жинақтайды;
  • бұрғылау жұмыстарының сапасын бақылау, оның ішінде ұңғыма тереңдіктері бойынша бақылау өлшемдерінің дұрыстығы, керннің сақталуын қамтамасыз ету (керндік жәшіктердің сапасы, тасымалдау, кернді төсеу, кернді тазалау және т.б.);
  • ішкі және сыртқы бақылау үшін сынама іріктеу жұмыстарының сапасын бақылау;
  • нақты геологиялық ақпарат пен материалдарды жинауды, сондай-ақ оларды құжаттандыруды жүзеге асырады.
  • Рұқсат беру құжаттамасын ресімдеу және алу үшін материалдарды дайындау және есептілікті мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыну:
  • жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдарда рұқсат беру құжаттамасын ресімдеу және алу үшін материалдарды дайындау.
  • белгіленген тәртіппен геологиялық жұмыстар бойынша есепке алу-есептілік материалдарын құрастырады және ұсынады.
  • мүдделі мемлекеттік органдарға есептілікті қалыптастырады.
  • ГРЖ нәтижелері бойынша дерекқорды қалыптастыру:
  • жобаның құрамына кіретін әрбір объект үшін бөлек папка (геологиялық іс) құру арқылы, өткен кезең нәтижелері және қорлық әдебиет деректері негізінде жұмыстар аймағы бойынша геологиялық дерекқорды қалыптастырады және уақытылы толықтырады;
  • геологиялық ақпаратты және басқа да нақты материалдарды талдайды, жүйелейді, жинақтайды; мамандандырылған екіөлшемді және үшөлшемді бағдарламалық қамтамасыз етулерде геологиялық, геофизикалық, геохимиялық деректерге геологиялық интерпретация жүргізеді. Литологиялық жыныс айырмашылықтары үшін бірыңғай кодтауды әзірлейді.
  • Департамент бюджеті
  • бюджетті жүргізуді және өзектендіруді жүзеге асырады;
  • бюджеттік көрсеткіштердің орындалуын бақылайды.
  • Төлем операцияларын ресімдеу
  • төлем құжаттарын дайындауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
  • қаржылық бөлімшелермен өзара әрекет етеді.
  • Әкімшілік сүйемелдеу
  • Департамент қызметіне ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
  • әкімшілік рәсімдердің орындалуын бақылайды.
  • Бөлімшелермен өзара әрекеттесу
  • қаржылық және әкімшілік департаменттермен өзара әрекет етуді жүзеге асырады;
  • құжаттардың уақытылы келісуін қамтамасыз етеді.
  • Құжат айналымы және деректерді сақтау
  • құжаттаманы есепке алуды, жүйелеуді және сақтауды қамтамасыз етеді;
  • құжат айналымы мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

Талаптар:

  • «Геология» саласында жоғары кәсіби білім
  • Геология саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін ауызекі деңгейден төмен емес білу (міндетті).
  • Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексін білу;
  • Жер қойнауын және қоршаған ортаны зерттеу, пайдалану және қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу (геологиялық (геологиялық/геофизикалық, гидрогеологиялық, геохимиялық) зерттеу);
  • Сынамалау әдістемесін және геологиялық зерттеулер жүргізу әдістерін білу;
  • геологиялық (тарихи) есептерді талдай білу;
  • Сынамаларды іріктеу тәртібі және сапаны бақылауды қамтамасыз ету (QA/QC) туралы білім
  • Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау және жоспарлау тәртібін білу;
  • өндірістік-геологиялық (геологиялық/геофизикалық, гидрогеологиялық, геохимиялық) құжаттама мен есептерді ұсыну және бекіту тәртібін білу; 
  • мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді білу (MapInfo, AutoCAD және т.б.);
  • бюджеттеудің және қаржылық есептің негіздерін білу;
  • бюджетті жүргізу және орындалуын бақылау дағдылары;
  • жиынтық кестелер мен есептілікті қалыптастыра білу;
  • төлем құжаттарын ресімдеу дағдылары;
  • тапсырмалар мен құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды білу;

Шарттар:

  • Ресми жұмысқа орналасу.
  • Толық жұмыс уақыты.
  • Медициналық сақтандыру.
  • Жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру