«ҚТЖ» ҰК» АҚ - "Әкімшілік басқару" филиалының инженерлік және энергетикалық қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Компанияның әкімшілік ғимараттарындағы инженерлік жабдықтар мен инженерлік желілердің тиісті жұмыс күйінде ұсталуын қадағалайды.
- Инженерлік-техникалық жүйелердегі пайдалану кемшіліктерін анықтау және оларды жедел жою мақсатында Қонаев көшесі, 6-үй мекенжайында орналасқан Компанияның әкімшілік ғимаратын тексеруді жүзеге асырады.
- Компанияның әкімшілік ғимараты бойынша отын және энергетикалық ресурстарды тұтыну нормаларын қарап шығып, бекітеді, сондай-ақ нақты тұтыну көлемінің белгіленген жоспарлы нормаларға сәйкестігін қадағалайды.
- Компанияның әкімшілік ғимаратында электр энергиясын, жылу энергиясын және суды тұтынуды, сондай-ақ инженерлік жабдықтардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін мониторингтеу мен талдауды ұйымдастыруға жетекшілік етеді.
- Коммуналдық жүйелерді жаңғыртуды және электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз етуге бағытталған ұтымдыландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.
- Компанияның әкімшілік ғимаратында жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қадағалайды.
- Компанияның Қонаев көшесі, 6-үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (соның ішінде таза ауа кіргізу, сондай-ақ жылу және электр энергиясымен жабдықтау) тиісті деңгейде жұмыс істеуін қадағалайды.
- Компанияның әкімшілік ғимараттарындағы күнделікті техникалық қызмет көрсету жұмыстарының шығындарын азайту және сапасын арттыру жөніндегі шараларды басқарады.
- Компанияның Қонаев көшесі, 6-үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратында, сондай-ақ оған іргелес аумақта санитарлық нормалардың сақталуын үйлестіреді.
- Кешенді автоматтандыру мен механикаландыруға арналған жаңа техникалық жабдықтар мен жүйелерді сынақтан өткізуді үйлестіреді және Компанияның әкімшілік ғимараттарын қажетті қызметтермен тиісті деңгейде қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
Қосымша талаптар:
Міндетті: ЭҚЖ, Microsoft Word, Microsoft Excel бағдарламаларында жұмыс істей білу.
Аналитикалық және статистикалық ақпаратты дайындау дағдыларының болуы, инженерия, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу қабілеті.
Әртүрлі сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен (мемлекеттік органдар, мердігерлік ұйымдар)өзара іс-қимыл жасау дағдыларының болуы
Жақсырақ: құжаттарды талдай білу және тез шешім қабылдау, жұмысты жоспарлау және еңбек процесін ұйымдастыру. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Сертификат.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар