Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері (2 жұмыс орын)

580 812 - 580 812 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
202

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылау;
  • кәсіпорын бөлімшелерінде кәсіпорын басшысының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария жағдайын жақсарту жөніндегі бұйрықтары мен өкімдерінің сақталуын бақылау;
  • кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманың жүргізілуін бақылау;
  • арнайы киім мен аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының қолданылуы мен жай-күйін бақылау;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін басқа да ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  • кәсіпорынды тексеру кезінде анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде нұсқаулар беру;;
  • белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік органдар мен жоғары тұрған ұйымдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептерді жасау;
  • белгіленген мерзімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша инспекциялаушы органдардың нұсқамаларын орындау бойынша жауаптар дайындау;
  • кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін, нормалары мен нұсқаулықтарын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  • жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу және жазатайым оқиға актісіне енгізілген іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылау.

Біліктілік талаптар:

  • «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес болуы тиіс;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында сертификаттардың болуы (құпталады).

Білімі мен дағдылары:

  • мемлекеттік, орыс тілдерін білу;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құжаттаманы білу;
  • ҚР Еңбек кодексін білу;
  • Word, Excel, 1С, Documentolog, Outlook, MS Project, PowerPoint бағдарламаларында жұмыс істеу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман