Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер

«Қазақтелеком» АҚ Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
304

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғам филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын құруға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу мен орындауға ішкі бақылауды жүзеге асыру;
  • Филиал қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі саласындағы АО «Қазақтелеком» талаптарына және нормативтік-құқықтық актілердің міндеттемелеріне сәйкестігін бақылау;
  • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеу мен есепке алуды ұйымдастыру;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі саласында тәуекелдерді бағалауға, сәйкессіздіктерді анықтауға және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;
  • Қызметкерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарастыру, кері байланыспен қамтамасыз ету;
  • Бөлім басшысымен келісу бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясына және басқа да мемлекеттік бақылаушы органдарға ақпаратты, мәліметтерді, есептер мен құжаттарды дайындау және ұсыну;
  • Қоғам филиалдарының еңбек жағдайларын және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі операциялық бюджетін қалыптастыру;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ішкі бақылау жүргізу, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқаулар беру;
  • Қызметкерлердің Қоғамның қолданыстағы ережелеріне сәйкес мерзімді міндетті медициналық тексеруден өтуін бақылау;
  • Жаңа қабылданған, уақытша және іссапарға жіберілген қызметкерлерге, сондай-ақ өндірістік оқытуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама жүргізу;
  • Филиалдардың құрылымдық бөлімшелеріне нұсқамалар ұйымдастыруда, қызметкерлерді оқытуда және қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша білімдерін тексеруде әдістемелік көмек көрсету;
  • Белгіленген мерзімдерде және бекітілген нысандар бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы есептілікті қалыптастыру

Талаптар:

  • Кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • Сәйкес бейін бойынша жұмыс өтілі — кемінде 5 жыл;
  • Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде Қоғамның өкімдік және ішкі құжаттарын білу;
  • Қызметіне қатысты интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМС) құжаттарын білу;
  • Электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды меңгеру;
  • Лауазымға орналасу үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері мен нормаларын білу.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
  • ҚР ЕК сәйкес ресми жұмыспен қамту;
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Жалақыны уақытылы төлеу;
  • Жақсы әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек;
  • Кәсіби және мансаптық даму мүмкіндігі