Бас менеджер Келісімшарттар, ел ішіндегі құндылықтарды дамыту және сатып алуды ұйымдастыру басқармасы филиалы АО «Казпочта» "Жалпы қызмет көрсету орталығы"

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
275

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Сатып алуды ұйымдастыруға арналған өтінімдерді қабылдау, қарау және тексеру.
    2. Сатып алу жобаларын қалыптастыру және сатып алу веб-порталында жұмыс жүргізу.
    3. Ашық тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
    4. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
    5. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
    6. Электрондық дүкен арқылы, сондай-ақ Сатып алу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
    7. Тендерлік және сатып алу рәсімдері шеңберіндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
    8. Өтпей қалған, күшін жойған және қайта өткізілетін сатып алуларды сүйемелдеу, сондай-ақ сатып алу рәсімдері бойынша өтініштер мен ескертулерді қарау.
    9. Тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етумен және сатып алуды өткізу кезеңінде көзделген өзге де қамтамасыз ету түрлерімен жұмыс жүргізу.
    10. Сатып алу туралы шарттарды жасасуды ұйымдастыру және ресімдеу.
    11. Қосымша келісімдерді дайындау және ресімдеу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды өзгерту және бұзу рәсімдерін сүйемелдеу.
    12. Шарттардың орындалуына, төлемдердің жүзеге асырылуына, айыппұл санкцияларының есептелуіне және шарттық міндеттемелердің жабылуына мониторинг жүргізу.
    13. Талап қою жұмысын жүргізу және өнім берушілерді сенімсіз деп тануға байланысты мәселелерді сүйемелдеу.
    14. Елішілік құндылық мәселелері бойынша жұмыс жүргізу.
    15. Есептілікті қалыптастыру, талдамалық жұмыс жүргізу және сатып алу қызметі бойынша анықтамалық материалдарды дайындау.
    16. Сатып алу қызметі мәселелері бойынша кіріс хат-хабарларды қарау және шығыс хат-хабарларды дайындау.
    17. Сатып алу қызметі мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен өзара іс-қимыл жасау.
    18. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, өнім берушілермен және өзге де үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау.
    19. Қоғамның басшы құрамының тапсырмаларын және хаттамалық тапсырмаларды орындау.
    20. Ішкі құжаттардың, қызметтік жазбалардың, шешімдердің жобаларын және Қоғам органдарына арналған материалдарды дайындау.
    21. Құзыреті шегінде кеңестерге, жұмыс топтарына, тексерулерге, аудиттерге және өзге де іс-шараларға қатысу.
    22. Ақпараттық жүйелерде жұмыс жүргізу, құжат айналымын, сатып алу қызметіне қатысты құжаттарды жүйелеуді және сақтауды қамтамасыз ету.
    23. Сатып алу қызметі мәселелері бойынша әдіснамалық, консультациялық және ұйымдастырушылық жұмыс жүргізу.
    24. Бекітілген міндеттердің орындалуын бақылауды, нәтижелерін ресімдеуді және тиісті тапсырмалар мен құжаттарды жабуды қоса алғанда, оларды аяқтау.

Талаптар:

  • Техникалық ғылымдар және технологиялар және/немесе құқықтану және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит бейіндері бойынша жоғары және/немесе орта кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

  • Мемлекеттік сатып алу саласында және/немесе «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алу қағидалары бойынша және/немесе заңтану және/немесе бухгалтерлік есеп саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің және/немесе «Қазпошта» АҚ-да кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Шарттар:

  • Демалыс күндері – сенбі және жексенбі бар бес күндік жұмыс аптасы, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс және тамақ ішу үшін үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін
  • Астана қ.