«Бейнеу» ЛПДС басшысының орынбасары

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
245

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттамаларды сақтай отырып, ЛПДС қызметіне басшылық ету;

    2) ЛПДС бастығы болмаған кезеңде оның барлық лауазымдық міндеттерін орындаумен ЛПДС бастығының міндеттерін атқару;

    3) ЛПДС магистральдық құбырларындағы объектілер мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТОЖ) бойынша жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және ЛПДС-ке бағынысты барлық объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жүргізу;

    4) мұнайды қабылдау және айдау технологиялық процесіне бақылауды жүзеге асыру;

    5) ЛПДС технологиялық жабдығын қауіпсіз пайдалануға бақылауды жүзеге асыру;

    6) шығын нормалары негізінде материалдар мен энергияның эксплуатациялық қажеттіліктерге ұтымды жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;

    7) күзгі-қысқы, су тасқыны кезеңдерінде объектілерді қауіпсіз жұмысқа дайындау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ магистральдық мұнай құбырларының жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру;;

    8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена саласындағы актілерінің талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена саласындағы актілерінің талаптарын сақтай отырып жұмыстарды ұйымдастыру;

    9) қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;

    10) алкогольдік немесе есірткілік масаю күйіндегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

    11) оған тікелей басшысы және басқару мен Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді атқару.;

    12) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда, оның ішінде жаңғырту жағдайларында, қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтерді ОПБ, ЕТ және ОС-ға уақтылы ұсыну;

Талаптар:

  • кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
  • кемінде 5 (бес) жыл

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр