«Каламкас» ГНПС ауысым бастығы

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
413

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) өндірістік және шаруашылық жоспарлардың, Басқарманың, Қоғамның бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

    2) жабдықтың жұмыс істеуінің технологиялық режимін сақтау, мұнайды қабылдау, тасымалдау, айдау бойынша белгіленген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. АСУБ бағдарламасында тәуліктік есеп жүргізу, мұнайды қабылдау, сақтау, тасымалдау бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалуына қатысты мұнайды қабылдау-тапсыру актілеріне сәйкес;

    3) мұнайды қабылдау-тапсыру актілерін уақтылы ресімдеу және қол қоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    4) мұнай құбырларының, су құбырларының, резервуарлық паркінің жұмыс режимдерінің бұзылуын алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында өндірістік объектілердің жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

    5) сорғы агрегаттарының жұмысына тұрақты бақылауды жүзеге асыру. Қабылдамаулардың (істен шығулардың) талдауын жүргізеді, істен шығу себептері туралы мәліметтерді басшылыққа уақтылы ұсыну;

    6) ауысымдық персонал орындайтын барлық жұмыстарға тікелей басшылықты жүзеге асыру. Өндірістік және еңбек тәртібі, ішкі еңбек тәртіп ережелері бойынша жол берілген барлық бұзушылықтар туралы ГНПС «Каламкас» басшылығын хабардар ету;

    7) мұнайды, суды қабылдау, тасымалдау, айдау бойынша барлық бұзушылықтар, жабдықтың ақаулығы немесе туындаған авариялық жағдайлар туралы ГНПС «Каламкас» басшылығын уақтылы хабардар ету, ГНПС «Каламкас» бойынша қабылдамауларды (істен шығуларды) тергеуге қатысу;

    8) ауа температурасының артуы нәтижесінде қысымның жоғарылауына жол бермеу мақсатында тұйық учаскелерді бақылауды жүзеге асыру;

    9) материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу (оның ішінде мұнай, мұнай компанияларының және/немесе Қоғамның мұнайы) жұмыс берушінің ішкі нормативтік құқықтық актілерінде және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпке сәйкес;

    10) материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы (оның ішінде мұнай, мұнай компанияларының және/немесе Қоғамның мұнайы) тікелей басшыға уақтылы хабарлау;

    11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын сақтай отырып жұмыстарды ұйымдастыру;

Талаптар:

  • кадрларды даярлау бағытына сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
  • кемінде 2 (екі) жыл

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр