Өндірістік-техникалық департаменттің өндірісті техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
443

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • департаментті оның өндірістік қызметі үшін қажетті барлық нормативтік-техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
  • жұмыстар/қызметтерді сатып алу бойынша ПТД шарттарының жобаларын әзірлеу және дайындау;
  • материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу;
  • бекітілген өндірістік бағдарлама, жұмыс жоспарлары және шарт талаптарына сәйкес оператор жүзеге асыратын өзге де іс-шаралардың орындалуын талдау;
  • магистральдық газ құбырын пайдалану үшін қажетті тауар-материалдық құндылықтардың техникалық құжаттамасы мен спецификациясын қарау және келісу;
  • магистральдық газ құбырында орын алған штаттан тыс жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу, оларды жою және олардың пайда болуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • магистральдық газ құбыры жабдықтарына қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды жоспарлау, материалдық-техникалық, аспаптық және әдістемелік қамтамасыз ету – пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен;
  • магистральдық газ құбырын пайдалану бойынша бюджет қалыптастыру үшін бастапқы деректерді дайындау және ұсыну (оның ішінде пайдалануға байланысты қызметтер көрсетуге арналған шарттар жобаларын әзірлеу).

Талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық, еңбек және өзге де нормативтік-құқықтық актілері;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы (Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы, «Магистральдық құбыр туралы» Заңы);
  • өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында білімі;
  • магистральдық газ құбырларын пайдалану саласында жұмыс тәжірибесі;
  • қарым-қатынас және коммуникабельділік дағдылары, іскерлік хат алмасуды жүргізу, келіссөздер және презентациялар дайындау;
  • өндірістік қызметті жоспарлау дағдылары.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • демалыс және тамақтануға арналған үзіліс ұзақтығы 1 сағат 30 минут. 12.30 сағаттан бастап 14.00 сағатқа дейін;
  • әлеуметтік пакет;
  • ұзақтығы 30 (отыз) күнтізбелік күн болатын жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)
  • Китайский (Бастапқы)